Краснояр селолық округіне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін 2011 жылы бюджеттік кредит және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 8 қарашадағы № С-52/7 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 қарашада № 1-1-158 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 06-02/109а хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 30.04.2013 № 06-02/109а хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» № 183 Қаулысының 2 тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 753 қаулысының негізінде, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Краснояр селолық округіне 2011 жылы жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарының көтерме жәрдемақысы бір маманға 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткіш сомасында ұсынылсын.
      2. Краснояр селолық округіне 2011 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін бір маманға әлеуметтік қолдау 1500 (бір мың бес жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие ұсынылсын.
      3. Көкшетау қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 5 қарашадағы № С-40/7 «Краснояр селолық округіне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін 2011 жылы бюджеттік кредит және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы» (Нормативтік- құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-132 болып тіркелген, 2010 жылғы 23 желтоқсанда № 51 «Көкшетау», «Степной маяк» газеттерінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық мәслихатының
      52 сессияның төрағасы                      М.Жанұзақов

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Мұстафина

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Көкшетау қаласының әкімі                   М.Батырханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады