Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Қызыл Жұлдыз селосы халқының пікірін ескере отырып, Красный Яр селолық округінің әкімі, ШЕШТІ:
1. Қызыл Жұлдыз селосының көшесіне Жұлдыз атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Көкшетау қаласы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім Б.Абуов
КЕЛІСІЛДІ
«Көкшетау қаласының
сәулет және қала құрылысы
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Абилов Ж.Е.
«Көкшетау қаласы
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Сәбитова А.Б.