Қызыл Жұлдыз селосының көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы Краснояр селолық округі әкімінің 2010 жылғы 24 наурыздағы № 2 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 сәуірде № 1-1-121 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Қызыл Жұлдыз селосы халқының пікірін ескере отырып, Красный Яр селолық округінің әкімі, ШЕШТІ:
      1. Қызыл Жұлдыз селосының көшесіне Жұлдыз атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Көкшетау қаласы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       Б.Абуов

      КЕЛІСІЛДІ

      «Көкшетау қаласының
      сәулет және қала құрылысы
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Абилов Ж.Е.

      «Көкшетау қаласы
      мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Сәбитова А.Б.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады