Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2010.12.29 № А-12/296 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақкөл ауданы халқының мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін, тұлғалар (12 айдан артық);
2) 29 жасқа дейінгі жастар;
3) 50 және одан жоғары жастағы тұлғалар;
4) бірде – бір жұмыс істемейтін отбасылар;
5) бұрын жұмыс істемейтін тұлғалар;
6) емдеу мерзімімен өткен, туберкулезбен ауыратын адамдар;
7) уақытша және маусымдық жұмыс мерзімдердің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан адамдар.
2. «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қосымша мақсатты топтарға жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау шараларын уақытында қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданының әкімінің орынбасары Р.М.Қанатоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Үйсімбаев