Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 28.03.2013 № А-3/180 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ мерзім жұмыс істемейтін тұлғалар (12 айдан артық);
2) 29 жасқа дейінгі жастар;
3) бірде – бір жұмысшысы жоқ отбасылар;
4) маусымдық жұмыс мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан тұлғалар.
2. «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, қосымша нысаналы топтарға жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау шараларын уақытында қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Р.М.Қанатоваға жүктелсін.
4. Ақкөл ауданы әкімдігінің «Ақкөл ауданындағы халықтың мақсатты топтарына жататын адамдардың қосымша тізбелерін белгілеу туралы» 2010 жылғы 31 наурыздағы № А - 3/81 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-3-135 тіркелген, аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде 2010 жылғы 16 сәуірде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
5. Осы қаулы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Үйсімбаев