Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес Атбасар ауданының әкімдігі қаулы етеді:
1. Атбасар ауданы әкімдігінің "2010 жылға Атбасар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2010 жылғы 18 тамыздағы № а-8/216 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-145 тіркелген, 2010 жылғы 8 қазанда "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
атауы мен 1 тармақта "2010 жылға" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі | Р.Әубәкіров |