Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2012.08.27 № А-9/515 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атбасар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін қылмыстық-атқару инспекциясының қызмет пробациясында есепте тұрған тұлғалары үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2012.08.27 № А-9/515 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовке жүктелсін.
3. Осы қаулы Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі | Р.Әубәкіров |