Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 27.02.2013 № 5С-13-5 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 5 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Астрахан ауданының аумағында жүзеге асырушы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондардың бағасы белгіленсін (1, 2 қосымшаларға сәйкес).
2. Шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы М. Сағымбаев
Астрахан аудандық мәслихат
хатшысының міндетін атқарушы А. Ермилов
«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан ауданының әкімі Р. Әкімов
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Салық комитетінің
Ақмола облысы бойынша Салық
Департаментінің Астрахан ауданы
бойынша» Мемлекеттік мекемесінің
бастығының міндетін атқарушы Ю. Губарев
Астрахан ауданының «Кәсіпкерлік
бөлімі» Мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ж. Сағынаев
Астрахан аудандық мәслихатының
2010 жылғы 29 шілдедегі № 4С-24-10
шешіміне 1 қосымша
Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы жеке тұлғалар
үшін біржолғы талондардың бағасы
(стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын
қызметтерді қоспағанда)
№ р/с |
Қызмет түрі бойынша сатылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің атаулары |
Біржолғы талонның 1 күндік бағасы (теңге) |
1. |
Сатуды ( стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) |
|
1) |
газеттер мен журналдар |
70 |
2) |
тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет) |
70 |
3) |
бақша дақылдарын |
285 |
4) |
саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді |
70 |
5) |
қосалқы ауыл шаруашылығы бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін |
70 |
6) |
Жануарлар мен құстардың жемдерін |
140 |
7) |
Сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық |
140 |
2. |
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметін |
140 |
3. |
Үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын |
285 |
Астрахан аудандық мәслихатының
2010 жылғы 29 шілдедегі № 4С-24-10
шешіміне 2 қосымша
Астрахан ауданында базар аумағындағы дүңгіршектердегі,
стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы
қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау,
қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке
тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы
талондардың бағасы
Рет № |
Тауар түрі |
Біржолғы талонның 1 күндік бағасы (теңге) |
1) |
Азық-түлік |
140 |
2) |
Өнеркәсіп |
140 |