Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімінің 2010.12.20 № 17 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережелеріне сәйкес, Бұланды ауданының әкіміШЕШТІ:
1. 2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Бұланды ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Бұланды ауданы әкімінің «Бұланды ауданының шақыру учаскесінде 1992 жылы туған азаматтарға тіркеу жүргізу туралы» 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-74 тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпандағы «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Қ.Смағұловқа жүктелсін.
4. Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының
әкімі Е.Нұғыманов
КЕЛІСІЛДІ:
«Ақмола облысы Бұланды ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Камалиев