2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Бұланды ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 17 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 30 желтоқсанда № 1-7-126 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № а-02/49 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 10.02.2015 № а-02/49 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережеге сәйкес, Бұланды ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Бұланды ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Бұланды ауданы әкімінің «2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Бұланды ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-107 тіркелген, 2010 жылғы 9 ақпанда «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Қ.Смағұловқа жүктелсін.
      4. Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды ауданының әкімі                    Е.Нұғыманов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы Бұланды ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлім»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Қ.Камалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады