Бұланды ауданының шақыру учаскесінде 1992 жылы туған азаматтарға тіркеу жүргізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 ақпанда № 1-7-74 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 01 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімінің 2010.01.15 № 01 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысының негіздерінде аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. Тіркеу Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде мына мекенжайда жүргізілсін: Макинск қаласы, С.Сейфуллин көшесі, 3.
      2. “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес 1992 жылы туған, тіркеу жылында он жеті жасқа толатын ер азаматтарды «Ақмола облысы Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу 2009 жылғы  қаңтар – наурыз айларында жүргізілсін.
      3. «Ақмола облысы Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы  тіркеуге жататын әскерге шақыру жасына дейінгі азаматтарды шақыруды ұйымдастырсын.
      4. Аудандағы ауылдық округтердің әкімдеріне, меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және оқу орындарының басшылары тіркеу үшін азаматтарды  шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін, іссапардағы және демалыстағы адамдарды шақыртсын, жұмыстан және оқудан босатсын, оларға «Ақмола облысы Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келуді міндеттесін.
      5. Осы шешім 2009 жылғы 5 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Еслямоваға жүктелсін.
      7. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және аудандық «Бұланды таңы» газетінде ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды ауданының әкімі                 Е.Нұғыманов
      

      КЕЛІСІЛДІ

      «Ақмола облысы Бұланды
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлім» мемлекеттік
      мекемесі бастығының міндетін
      уақытша атқарушы                          Қ.К.Есімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады