Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімінің 2010.12.20 № 32 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеге» сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкіміШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Еңбекшілдер ауданы әкімінің «2009 жылы Еңбекшілдер аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуден өткізуді ұйымдастыру туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 8 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-10-79 тіркелген, 2009 жылы 30 қаңтарда аудандық «Жаңа дәуір» газетінде және 2009 жылы 31 қаңтарда аудандық «Сельская новь» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Ж. Шәуеновке жүктелсін.
4. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшілдер ауданының әкімі Т.Хамитов
КЕЛІСІЛДІ:
«Ақмола облысы Еңбекшілдер
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Б.Н.Есімов