2009 жылы Еңбекшілдер аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуден өткізуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 8 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет департаментінде 2009 жылғы 16 қаңтарда N 1-10-79. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 3 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33, 37 баптары және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы негізінде, жастарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамды деңгейін анықтау, жалпы білімінің, алған мамандығының және дене тәрбиесі дайындығының деңгейін белгілеу мақсаттарында, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2009 жылдың қаңтар-науырызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Степняк қаласы Кенесары көшесі 26 мекен-жайы бойынша «Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) (бұдан әрі – қорғаныс істері жөніндегі бөлім) шақырту учаскесіне тіркеу өткізілісін.
      2. «Еңбекшілдер аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Қ.А. Қыиқовқа (келісім бойынша) қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақырту учаскесінің базасында дәрігерлік куәландыруден өткізу үшін қажетті дәрігер, орташа медицыналық персоналдың, сондай-ақ құрал-жабдықтардың қажетті саңын бөлу жөнінде ұсыныс етілсін.
      3. Еңбекшілдер ауданының «Қаржы бөлімі» мемлкеттік мекемесінің бастығы А.Н. Бекеноваға тіркеуден өткізу үшін бекітілген аудан бюджетіне сәйкес қаржыландыруды өткізсін.
      4. Степняк қаласының және ауылдық окруктердің әкімдері мен ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабын мәліметке алсын және өз құзырлары шегінде келесі шараларды қамтамасыз етсін:
      1) қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақырту учаскісіне тіркелуге жататын азаматтарды хабардар ету және олардың уақытында келулерің қамтамасыз ету;
      2) әскери-есептік құжаттарында қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери есепке алғаны (әскери есептен шығарғаны) туралы белгілері болған кезде әскери қызметшілерді, әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді (тіркеуден шығаруды) жүзеге асыру;
      3) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскери міндеттілердің, әскерге шақырушылар мен әскер жасына дейінгілердің сандық құрамын растайтын құжаттар беру;
      4) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскер жасына дейінгілерді әскери есепке алуды жүргізуге көмек көрсету;
      5) әскери қызметшілердің, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың Әскери есеп ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру.
      5. «Еңбекшілдер ауданыңын ішкі істер бөлімінің» мемлкеттік мекемесінің бастығы Қ.Б. Сатыбаев (келісім бойынша) өз құзыры шегінде тіркеуден өткізу кезінде шақырту учаскесінде құқық тәртібінің және тәртіптің сақталуың қамтамасыз ету, әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстаз жөнінде ұсыныс етілсін.
      6. Еңбекшілдер ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.Е. Әбуова тіркеуді өткізу кезеңіне техникалық жұмыстарды атқаруға 2 жұмыссыз адам бөлсін.
      7. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Б.Н. Есімов (келісім бойынша) тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуден өткізудің қорытындылары туралы Еңбекшілдер ауданының әкімін хабардар ету жөнінде ұсыныс етілсін.
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.С.Омаровқа жүктелсін.
      9. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында  мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және аудандық «Жаңа дәуір»-«Сельская новь» газетінде ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                   Т. ХАМИТОВ

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ауданның жұмыспен
      қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы            Т.Е. Әбуова

      «Ауданның қорғаныс
      істері жөніндегі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бөлімінің бастығы            Б.Н. Есімов

      «Еңбекшілдер аудандық
      емханасы» мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері    Қ.А. Қыиқов

      «Ауданның ішкі істер
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бөлімнің
      бастығы                    Қ.Б. Сатыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады