"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, Есіл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
1) 50 жас және одан жоғары жастағы зейнеткер жасына толмағандар жұмыссыз азаматтар;
2) мүгедек балаларды тәрбиелеуші тұлғалар;
3) 29 жасқа дейінгі жастағы жастар;
4) онкологиялық аурумен ауыратын тұлғалар;
5) өзіне қатысты емес себептер бойынша ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар;
6) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2010.06.28 № А-6/208 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен
2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Есіл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С.Ерин |