"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, Есіл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылғы 3 наурыздағы № а-3/62 "Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (№ 1-11-115 нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестірінде тіркелген, 2010 жылы 23 сәуірде аудандық "Жаңа Есіл" газетінде жарияланған), Есіл ауданы әкімдігінің қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
жоғарыда айтылған Есіл ауданы әкімдігінің қаулысының 1 тармағын "6) "техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері" тармағымен толықтырылсын.
2. Аудан әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К Ағымбаеваға жүктелсін.
3. Есіл аудан әкімдігінің осы қаулысы Есіл ауданының Әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі | С.Ерин |