Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № А-3/62 қаулысы. Ақмола облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 сәуірде № 1-11-115 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № а-2/76 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 22.02.2016 № а-2/76 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, Есіл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      1) 50 жас және одан жоғары жастағы зейнеткер жасына толмағандар жұмыссыз азаматтар;
      2) мүгедек балаларды тәрбиелеуші тұлғалар;
      3) 29 жасқа дейінгі жастағы жастар;
      4) онкологиялық аурумен ауыратын тұлғалар;
      5) өзіне қатысты емес себептер бойынша ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар;
      6) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2010.06.28 № А-6/208 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен
      2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
      3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Есіл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С.Ерин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады