Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.08.2013 № 152 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 3 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына және 28 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 317 «Жеңілдіктер беру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3193 тіркелген, «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1-2 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Шешімнің 2 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Жоғарыда аталған қатысушыларға жеңілдіктер беру туралы қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін».
Қосымшадағы «шешіміне Қосымша» деген сөздер «шешімімен бекітілді» деген сөздермен ауыстырылсын;
Қосымша атауындағы «Қағида» деген сөз «Нұсқаулық» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы хатшысы
Ж. СЕЙІТПАҒАМБЕТОВ Б. ОРДАБАЕВ