Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.08.2013 № 152 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247, 2004 жылғы 20.12. редакциясы, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медалімен наградталған Ұлы Отан соғысы кезінде Совет армиясының қатарына шақырылған бұрынғы әскери қызметшілері, ардагерлерге және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен наградталған тұлғаларға, сондай-ақ, бұрынғы КСР Одағының үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес алыс шетел мемлекеттері аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан Совет Армиясының әскери қызметшілеріне, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің, қайтыс болған қатысушылар мен мүгедектердің жесірлеріне (жесір ерлеріне), ауғандық жауынгерлерге, қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен ауғандық жауынгерлердің ата-аналарына және отбасыларына, қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің отбасыларына, 1986-1989 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынаулардың мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы ҚСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс жасаған тұлғаларға, бейбіт уақытта қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасыларына (бұдан әрі-қатысушы) орталықтандырылған жылуға, салқын және ыстық су жабдығына, кәрізге (канализация), газбен жабдықтау, қоқыс шығаруға, лифттік қызмет көрсету, электрмен жабдықтау және байланыс қызметіне (абоненттік төлем), ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде жалпы жылыту кезеңіне сатып алынатын отын құны бойынша жеңілдіктерді (бұдан әрі - жеңілдіктер) беру белгіленсін.
Ескерту. Шешімнің 1 тармағына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2007.07.11 N 376, 2007.12.05 N 25, 2008.03.26 N 53, 2008.06.18 N 92, 2009.02.06 N 154 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
2. Жоғарыда аталған қатысушыларға жеңілдіктер беру туралы қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.
Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010.07.14 № 310 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен.
3. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2005 жылғы 8 ақпандағы "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет (жылу, су және газбен жабдықтау, арнаға (канализация), қоқыс шығару және лифттік қызмет көрсету), электр қуатымен жабдықтау және байланыс қызметі үшін жеңілдіктер беру Тәртібін бекіту туралы" N 131, 2005 жылғы 12 қазандағы "Облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 8 ақпандағы "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет (жылу, су және газбен жабдықтау), электр қуатымен жабдықтау және байланыс қызметі үшін жеңілдіктер беру Тәртібін бекіту туралы" кезектен тыс он үшінші сессиясының N 131 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 191, 2006 жылғы 14 наурыздағы "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет (жылу, су және газбен жабдықтау), электр қуатымен жабдықтау және байланыс қызметі үшін жеңілдіктер беру Тәртібін бекіту туралы" кезектен тыс он үшінші сессиясының N 131 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 232 және 2006 жылғы 21 маусымдағы "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет (жылу, су және газбен жабдықтау), электр қуатымен жабдықтау және байланыс қызметі үшін жеңілдіктер беру Тәртібін бекіту туралы" кезектен тыс он үшінші сессиясының N 131 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 261 шешімдері 2007 жылғы 1 қаңтардан жойылсын.
4. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, |
Облыстық мәслихаттың |
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медалімен наградталған Ұлы Отан соғысы кезінде Совет армиясының қатарына шақырылған бұрынғы әскери қызметшілері, ардагерлерге және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен наградталған тұлғаларға, сондай-ақ, бұрынғы КСР Одағының үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес алыс шетел мемлекеттері аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан Совет Армиясының әскери қызметшілеріне, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің, қайтыс болған қатысушылар мен мүгедектердің жесірлеріне (жесір ерлеріне), ауғандық жауынгерлерге, қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен ауғандық жауынгерлердің ата-аналарына және отбасыларына, қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің отбасыларына, 1986-1989 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынаулардың мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы ҚСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс жасаған тұлғаларға, бейбіт уақытта қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасыларына жеңілдіктер беру
Нұсқаулық.
Ескерту. Шешімнің қосымшасының атауына және 1 тармағына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2007.07.11 N 376, 2007.12.05 N 25, 2008.03.26 N 53, 2008.06.18 N 92, 2009.02.06 N 154, 2010.07.14 № 310 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
1. Орталықтандырылған жылуға, салқын және ыстық су жабдығына, кәрізге (канализация), газбен жабдықтау, қоқыс шығаруға, лифттік қызмет көрсету, электрмен жабдықтау және байланыс қызметіне (абоненттік төлем), ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде жалпы жылыту кезеңіне сатып алынатын отын құны бойынша жеңілдіктерді пайдалану құқығы (бұдан әрі - жеңілдіктер) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медалімен наградталған Ұлы Отан соғысы кезінде Совет Армиясының қатарына шақырылған бұрынғы әскери қызметшілері, ардагерлерге және ішкі істер органдары қызметкерлеріне, "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен наградталған тұлғаларға, сондай-ақ, бұрынғы КСР Одағының үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес алыс шетел мемлекеттері аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан Совет Армиясының әскери қызметшілеріне, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің, қайтыс болған қатысушылар мен мүгедектердің жесірлеріне (жесір ерлеріне), ауғандық жауынгерлерге, қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен ауғандық жауынгерлердің ата-аналарына және отбасыларына, қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің отбасыларына, 1986-1989 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынаулардың мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы ҚСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс жасаған тұлғаларға, бейбіт уақытта қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасыларына (бұдан әрі - қатысушы) ұсынылады.
2. Жеңілдіктерді беруге қаражаттар жергілікті бюджеттен қарастырылады.
3. Қатысушыға тұрғын үй иесі немесе негізгі пәтер иеленуші болуына қарамастан жеңілдіктер:
орталықтандырылған жылуға, салқын және ыстық су жабдығына, кәрізге (канализация), газбен жабдықтауға, қоқыс шығаруға, лифттік қызмет көрсетуге, байланыс қызметіне (абоненттік төлем) 100% шегеріммен;
электрмен жабдықтауға 1 отбасына айына 150 кВт-тан аспайтын мөлшерде, жылу үшін пайдаланылған электр қуатын 1 отбасына айына 500 кВт-тан аспайтын мөлшерде, тамақ әзірлеу үшін газ айына 10 кг мөлшерде, ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде сатып алынатын шартты қатты отын құнына есептегенде жылытылатын алаңның 1 шаршы метріне 75 килограмм есебімен (бұдан әрі - жеңілдіктер) ұсынылады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған және 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс жасаған тұлғаларға, бейбіт уақытта қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасыларына жеңілдіктер коммуналдық қызметтер 50% мөлшерінде (компенсациялау) ұсынылады.
Коммуналдық қызметті тұтынуын есептеу құралдары болмаған жағдайда жеңілдіктер бекітілген тарифтерге сәйкес ұсынылады.
Жеңілдіктер қатысушы пайдаланған уақытқа дейін қатысушымен бірге тұратын және тіркелген отбасы мүшелеріне де ұсынылады.
Қатысушының отбасы мүшелерін анықтауда Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы N 321 "Неке және отбасы туралы" Заңы басшылыққа алынсын.
Ескерту. Қосымшаның 3 тармағы жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2008.03.26 N 53 шешімімен. Қосымшаның 3 тармағына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009.02.06 N 154 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен.
4. Қатысушылардың тізімін жасау және бекіту жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен жүргізіледі.
Бекітілген қатысушылар тізімі және қатысушылар тізіміне жыл бойы енгізілген өзгерістер қызмет көрсетушілерге және Ақтөбе қаласы мен аудандардың қаржы бөлімдеріне Ақтөбе қаласы мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен беріледі.
5. Жеңілдік алу үшін қатысушы аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне коммуналдық қызмет төлемдерін қызмет көрсетушілерге немесе өзінің дербес шотына аудару туралы өтініш жасауы тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды: жеке куәлігін, қатысушы куәлігін, үй кітабын немесе тұрғылықты жерінен анықтама, қызмет көрсетушілердің төлем шоттарын, ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде үйдің немесе пәтердің техникалық төлқұжатын тапсыруға тиіс.
Қатысушыға жеңілдіктер өтініш берген және сәйкес құжаттарын тапсырған уақыттан бастап ұсынылады.
6. Қатысушыға орталықтандырылған жылуға, салқын және ыстық су жабдығына, кәрізге (канализация), газбен жабдықтауға, қоқыс шығаруға, лифттік қызмет көрсету, байланыс қызметі (абоненттік төлем), электр қуатымен жабдықтауға жабдықтауға айына 1 отбасына 150 кВт-тан аспайтын мөлшерде, жылу үшін пайдаланылған электр қуатын айына 1 отбасына 500 кВт-тан аспайтын мөлшерде, тамақ әзірлеу үшін газ айына 10 кг мөлшерде, ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде сатып алынатын шартты қатты отын құнына есептегенде жылытылатын алаңның 1 шаршы метріне 75 килограмм есебімен (бұдан әрі - жеңілдіктер) жеңілдіктер ұсыну бойынша қызмет көрсетулердің шығындарын өтеу қызмет көрсетушілердің ай сайын беретін жеңілдіктер алатын қатысушылардың тізімдері негізінде Ақтөбе қаласының және аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде жүргізіледі.
Ескерту. Қосымшаның 6 тармағы жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2008.03.26 N 53 шешімімен.