Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2011.09.13 № 291 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабының 3 тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Облыс аумағында суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» облыс әкімдігінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 330 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3161 болып тiркелген, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің 2005 жылғы 27 қазанында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесінде:
«116» деген сандар «112» деген сандармен ауыстырылсын;
«жергілікті мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулының 2 тармағында «тыйым салатын» деген сөздер «жол бермейтін» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2 қосымшасында «тыйым салынатын», «тыйым салынады» деген сөздер сәйкесінше «жол бермейтін», «жол бермейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е. Сағындықов
Облыс әкімдігінің
2010 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 296 қаулысына қосымша
Облыс су қоймаларына іргелес жатқан аумақтарда суды қорғау
аймақтары мен белдеулерінің ең тар ені
1. Әрбiр жағалау бойынша су қорғау аймағының ең тар енi көп жылдық межелік деңгейi кезiндегi су жиегiнен су тасқыны кезеңiндегi көп жылдық деңгейi кезiндегi су жиегiне дейiнгi (өзен жайылымын, жайылым жылғаларын, түпкi жағалауындағы тiк жарларды, шұңқырлар мен сайларды қоса алғанда) және қосымша 500 метр болып қабылданады.
2. Су объектілерiнiң жағалауларында орналасқан орманды алқаптар Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес су қорғау аймақтарына енгiзіледi.
3. Суару-суландыру каналдарының су қорғау аймағының ені ең тар ені (әр жағалау бойынша су деңгейі қалапты болған жағдайда) – 300 метр.
4. Өзендердің бастаулары және бұлақтар үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең тар ені – 50 метрден кем болмауы тиіс.
5. Салалардағы су қоймалары үшiн су қорғау аймағының ең тар енi ол орналасқан өзендегідей белгiленедi.
6. Су құйылатын су қоймалары мен көлдер үшiн су қорғау аймағының ең тар енi су айдынының акваториясы 2 ш.м. дейін 300 метр және акваториясы 2 ш.м. acca, 500 метр болып белгiленедi.
7. Салалардағы су қоймалары үшiн су қорғау аймағының ең тар енi ол орналасқан өзендегідей белгiленедi, ал, көлдер үшін су қорғау аймағының iшкi шекарасы судың көп жылдық деңгейінің жағалаулық шегі бойынша өтеді.
8. Су қорғау аймағы шегiнде шектеулi шаруашылық қызмет режимi белгіленген су объектiлерiне iргелес, аумағының енi 35 метрден кем емес су қорғау белдеулерiмен ажыратылады.
9. Шағын өзендер бастауларында су қорғау белдеулерi енi былай белгіленедi:
орманы жоқ аудандарда - осы қаулыға сәйкес міндетті түрде енi кемiнде 35 метрге ағаш-бұта белдеуi салынады;
орманды аймақтарда - Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес.
10. Ақтөбе қаласы және басқа елді мекендерде жағалауды бекітетін құрылғылар болған жағдайда су қорғау белдеулерінің шекараларын жағалау парапетімен біріктіруге болады.
11. Қолданыстағы қызмет үлесі, жеке және заңды тұлғалардың үй маңындағы, саяжайлық және бақшалық учаскелерінде жерді пайдалану құқығына және су қорғау режимін сақтауға мемлекеттік пакеті болған жағдайда су қорғау белдеуі шеңберінде қалады.