"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39-бабының 2-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 223-бабына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 08.08.2022 № 261 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. "Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінде суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" облыс әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 88 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3248 болып тiркелген, "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газеттерінде 2008 жылғы 6 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесінде:
"мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
1 тармағында "көрсетілген сызбаға" деген сөздерден кейін "(1 қосымша)" деген сөздермен толықтырылсын.
2 тармағында "департаменті" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
3 тармағында 3 абзацы мынадай редакцияда жазылсын;
"Елек өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі 2 қосымшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде сақталсын";
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2 қосымшамен толықтырылсын.
2. Облыс әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
"Облыс аумағында суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 330 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3161 болып тiркелген, "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газеттерінде 2005 жылғы 27 қазанда жарияланған);
"Облыс әкімдігінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 330 "Облыс аумағында суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 296 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3345 болып тiркелген, "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газеттерінде 2010 жылғы 19 қазанда жарияланған).
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары I. Қ. Өмірзақовқа жүктелсін.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 291 қаулысына қосымша |
Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі
1. Су қорғау аймағы шегiнде мыналарға:
су объектiлерiн және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiн бiтелу мен ластанудан сақтайтын құралдармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген, жобалау, салу, жаңа және жаңғыртылмаған объектiлердi iске қосуға;
тыңайтқыштар, пестицидтер, химиялық улы заттар мен мұнай өнiмдерiн сақтайтын қоймаларды, автокөлiк және ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету мен жуу пункттерiн, механикалық шеберханаларды, қоқыс пен өнеркәсiп және шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарды төгетiн құрылғыларды, өлген малдар көмiлетiн ұраларды, аппаратураларды пестицидтермен және химиялық улы заттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргiзуге арналған ұшу-қону алаңқайларын орналастыру мен құрылысын салуға, сондай-ақ судың сапасына керi әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға;
құрылыс, су түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстарын атқару, пайдалы қазбаларды өндiру, кабель, құбыр және басқа да коммуникацияларды өткiзу, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орган су қорын пайдалану және қорғау саласындағы қоршаған ортаны қорғау, жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген бұрғылау, ауыл шаруашылығы және өзге де жобасы жоқ жұмыстар жүргiзуге;
халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы органдары, су ресурстары басқармасы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарының аумақтық құрылымдарымен, жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмiнсiз су көздерiндегi су жиегiнен 2000 метрге дейiнгi орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен егiлген ағаштарды химиялық улы заттармен авиациялық өңдеу және авиациялық жолмен минералды тыңайтқыштармен қоректендiру тәсiлдерiн органикалық және минералды тыңайтқыштар, улы химикаттар мен пестицидтер қолдануға;
малды тоғыту мен санитарлық өңдеу және судың гидрохимиялық құрамын нашарлататын басқа да шаруашылық қызметiн жүргiзуге жол берілмейді.
2. Су қорғау белдеулерiнің 1 тармағын толықтыру шегiнде мыналарға:
жер жыртуға, мал бағуға, тал-теректердi кесуге;
палаталы қалашықтар, автотұрақтар, малдың жазғы лагерлерiн жасауға;
су ұстайтын, су реттейтiн, қорғаныс және басқа да арнайы мақсаттарға арналған құрылғылардан басқа ғимараттар мен құрылғылар салуға;
жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскесiн бөлуге және саяжайлар мен ұжымдық бақтар үшiн жер беруге;
жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге;
су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде суаттардың ластануына жол бермейтiн құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген қолданыстағы нысандарды пайдалануға жол бермейдi.