Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 25.07.2018 № 34-176 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Ескерту. бүкіл мәтін бойынша және қосымшасында "ставкаларын", "ставкалары" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері" сөздеріне ауыстырылсын – Алматы облыстық мәслихатының 12.05.2016 № 2-17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 487-бабына, Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | М. Мырзағалиев |
Облыстық мәслихаттың | |
хатшысы | А. Сыдық |
Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 16 маусымдағы "Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы" N 34-202 шешіміне қосымша |
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Алматы облыстық мәслихатының 12.05.2016 № 2-17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
N п/п |
Арнайы су пайдалану |
Өлшеу |
Төлемақы |
1 |
Тұрғын үй-пайдалану және | тиын/текше метр | 4,64 |
2 |
Өнеркәсіп, жылу | тиын/текше метр | 30,4 |
3 | Ауыл шаруашылығы | тиын/текше метр | 0,92 |
4 |
Су көздерінен су алатын | тиын/текше метр | 8,8 |
5 | Гидроэнергетика | тиын/кВт. сағат | 7,31 |
6 | Су көлігі | тиын/мың. шақырым | 0,5 |