Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 16 маусымдағы N 34-202 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2010 жылы 19 шілдеде 2056 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-176 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 25.07.2018 № 34-176 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Ескерту. бүкіл мәтін бойынша және қосымшасында "ставкаларын", "ставкалары" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері" сөздеріне ауыстырылсын – Алматы облыстық мәслихатының 12.05.2016 № 2-17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 487-бабына, Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы М. Мырзағалиев
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы А. Сыдық


  Алматы облыстық мәслихатының
2010 жылғы 16 маусымдағы
"Алматы облысының жер үсті
көздеріндегі су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы
мөлшерлемелерін белгілеу
туралы" N 34-202 шешіміне
қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Алматы облыстық мәслихатының 12.05.2016 № 2-17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

N п/п

Арнайы су пайдалану
түрлері

Өлшеу
бірліктері

Төлемақы
мөлшерлемелері

1

Тұрғын үй-пайдалану және
коммуналдық қызмет көрсету

тиын/текше метр

4,64

2

Өнеркәсіп, жылу
энергетиканы қоса
есептегенде

тиын/текше метр

30,4

3

Ауыл шаруашылығы

тиын/текше метр

0,92

4

Су көздерінен су алатын
тоған шаруашылықтары

тиын/текше метр

8,8

5

Гидроэнергетика

тиын/кВт. сағат

7,31

6

Су көлігі

тиын/мың. шақырым

0,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады