Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 16 маусымдағы "Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" № 34-202 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 мамырдағы № 2-17 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 17 маусымда № 3892 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-176 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 25.07.2018 № 34-176 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38- бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің 487- бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзі-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 16 маусымдағы "Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" № 34-202 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 19 шілдесінде № 2056 тіркелген, 2010 жылдың 24 шілдесінде № 87 "Жетісу", 2010 жылғы 24 шілдесінде № 88 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Көрсетілген шешімнің атауында, бүкіл мәтіні бойынша және қосымшасында "ставкаларын", "ставкалары" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Көрсетілген шешімнің қосымшасындағ 5- жолы "Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар" алып тасталсын.
      2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша С. Т. Бекішов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихатының "Аграрлық сала, жер қатынастары және экология мәселелері бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық мәслихат
      сессиясының төрайымы Ж. Телпекбаева
      Алматы облыстық
      мәслихатының хатшысы С. Мұқанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады