Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 34-9 Шешімі. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 қаңтарында 6-5-120 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 маусымдағы № 7-8 шешімімен

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері бекітілсін.
      2. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Е. Мақұлбаев                               Т. Сүгірбай

Қордай аудандық мәслихатының
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 34-9 шешiмiмен бекiтiлген

Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi (әрi қарай - Ережелер) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына (әрi қарай - Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесi) сәйкес әзiрленген.
      2. Осы Ережелерде келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      өтiнiш иесi (жеке тұлға) - жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген адам;
      уәкілетті орган – «Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қордай аудандық мәслихатының 2010.12.20 № 45-6 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен
      3. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет есебiнен Қордай ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
      Тұрғын үй көмегі өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
      4.Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігіне, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлеміне, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының коммуналдық қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырмасы ретінде айқындалады.
      Отбасының шектi жол берілетін шығындарының үлесi отбасының жиынтық табысының 10 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасының жиынтық табысы атаулы әлеуметтік көмек туралы заңнамасымен айқындалған тәртіпте есептеледі.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қордай аудандық мәслихатының 2010.12.20 № 45-6 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен
      5. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
      Мүгедектердi, магистратураны қоса алғанда, күндiзгi оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттердi, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi, он алты жасқа дейiнгi бала кезiнен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген, еңбек iстеуге қабiлетi болса да жұмыс iстемейтiн адамдары бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi

      6.Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудiң ережелерінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажеттi құжаттар салыстыру үшiн көшiрме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      7.Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асыра алмайды.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қордай аудандық мәслихатының 2010.12.20 № 45-6 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен
      8. Алып тасталды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2010.12.20 № 45-6 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен
      9. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.
      10. Тұрғын үй көмегiнен заңсыз алынған сомалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.
      11. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:
      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:
      жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бiрақ бiр бөлмелi пәтердiң мөлшерiнен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      екi және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      2)электр қуатын тұтыну нормасы (бір айда) - отбасының әрбір мүшесіне 80 киловатт;
      3) газ шығындарының нормасы (бiр айда):
      газ жылыту пешiнiң (1 шаршы метрге) - 7,88 текше метр;
      газбен ас дайындау (отбасының әрбір мүшесіне) - 22 текше метр;
      сұйытылған газ шығыны (отбасының әрбір мүшесіне) – 8,2 килограмм;
      4) қатты отын шығындарының нормасы жылыту мерзіміне - 75,75 килограмм (тұрғын үйдің (жайдың) 1 шаршы метріне).
      Ескерту. 11 - тармаққа өзгерту енгізілді - Қордай аудандық мәслихатының 2010.12.20 № 45-6 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен

3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

      12. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

4. Қорытынды ережелер

      13. Осы Ережелермен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Кордайскому району

Решение Кордайского районного маслихата Жамбылской области от 24 декабря 2010 года № 34-9. Зарегистрировано Кордайским управлением юстиции 21 января 2011 года за № 6-5-120. Утратило силу решением Кордайского районного маслихата от 29 июня 2012 года № 7-8

      Сноска.Утратило силу решением Кордайского районного маслихата от 29 июня 2012 года № 7-8

      В соответствии со статьей-97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи» районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Кордайскому району.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      
      Председатель сессии                        Секретарь
      районного маслихата                        районного маслихата
      Е.Макулбаев                                Т.Сугирбай 

Утверждены
решением Кордайского районного
маслихата № 34-9 от 24 декабря 2010 года

Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Кордайскому району 1.Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Кордайскому району (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей-97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи» (далее - Правила предоставления жилищной помощи, утвержденные Правительством Республики Казахстан).
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      заявитель (физическое лицо) - лицо, обратившееся от себя лично или от имени семьи за назначением жилищной помощи;
      уполномоченный орган – коммунальное государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ акимата Кордайского района.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решением Кордайского районного маслихата от 20.12.2011 № 45-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)
      3. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Кордайском районе.
      Жилищная помощь оказывается за квартал предшествовавший кварталу обращения по предъявленным счетам поставщиков услуг.
      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи, в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи на эти цели.
      Доля предельно допустимых расходов семьи устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 10 процентов.
      Совокупный доход семьи для начисления жилищной помощи, исчисляется в порядке определенном законодательством об адресной социальной помощи.
      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными решением Кордайского районного маслихата от 20.12.2011 № 45-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)
      5. Жилищная помощь не назначается малообеспеченным семьям (гражданам), имеющим в частной собственности более одной единицы жилья (дома, квартиры) или сдающим жилые помещения в наем.
      Жилищная помощь не назначается малообеспеченным семьям (гражданам), имеющим трудоспособных лиц, которые не работают, не зарегистрированы в уполномоченных органах по вопросам занятости, кроме инвалидов, учащихся и студентов, слушателей и курсантов дневной формы обучения, включая магистратуру, а также граждан, занятых уходом за инвалидами I и II групп, детьми-инвалидами с детства до шестнадцати лет, лицами старше восьмидесяти лет, детьми в возрасте до трех лет.

2.Размер и порядок оказания жилищной помощи

      6. Для назначения жилищной помощи гражданин (семья) обращается в уполномоченный орган с заявлением и представляет документы, указанные в Правилах предоставления жилищной помощи, утвержденных Правительством Республики Казахстан.
      Документы, необходимые для назначения жилищной помощи, предоставляются в копиях и подлинниках для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      7.Размер жилищной помощи не может превышать сумму фактических расходов на оплату на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключение сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными решением Кордайского районного маслихата от 20.12.2011 № 45-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)
      8.(исключен - решением Кордайского районного маслихата от 20.12.2011 № 45-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)
       9. Получатели жилищной помощи в течение десяти дней информируют уполномоченный орган о любых изменениях формы собственности жилья, состава семьи, совокупного дохода и других факторах, влияющих на размер жилищной помощи, а также о случаях неверного начисления жилищной помощи.
      10. Незаконно полученные суммы жилищной помощи подлежат возврату получателем в добровольном порядке, а в случае отказа - в судебном порядке.
      11. При назначении жилищной помощи учитываются следующие нормы площади жилья и потребления коммунальных услуг, обеспечиваемые компенсационными мерами:
      1) нормы площади жилья, обеспечиваемые компенсационными мерами:
      для одиноких граждан – 30 квадратных метров, но не менее размера однокомнатной квартиры и не более фактически занимаемой площади;
      для семьи из двух и более человек – 18 квадратных метров на каждого члена семьи, но не более фактически занимаемой площади;
      2) норма потребления электроэнергии (в месяц) – 80 киловатт на каждого члена семьи;
      3) нормы потребления газа (в месяц):
      при наличии газового отопления – 7,88 кубических метров на 1 квадратный метр;
      при наличии газовой плиты – 22 кубических метров на одного человека;
      при наличии сжиженного газа – 8,2 килограмм на одного человека;
      4) нормы потребления твердого топлива на отопительный период – 75,75 килограмм на 1 квадратный метр.
      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными решением Кордайского районного маслихата от 20.12.2011 № 45-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

3.Порядок выплаты жилищной помощи

      12. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня.

4.Заключительные положения

      13. Отношения не урегулированные настоящими Правилами регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.