"Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 34-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы N 45-6 Шешімі. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 5 қаңтарында 6-5-134 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 24-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 10.12.2013 № 24-6 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 34-9 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-5-120 болып тіркелген, 2011 жылдың 26 қаңтарында № 27 «Қордай шамшырағы» - «Кордайский маяк» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      осы шешіммен бекітілген Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің:
      1 - бөлімінде:
      2 - тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган – «Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.»;
      4 - тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігіне, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлеміне, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының коммуналдық қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырмасы ретінде айқындалады.»;
      2 - бөлімінде:
      7 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асыра алмайды.»;
      8 – тармақ алынып тасталсын;
      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «электр қуатын тұтыну нормасы (бір айда) - отбасының әрбір мүшесіне 80 киловатт;».
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Э. Заманов                                 Т.Сүгірбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады