2010 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2010 жылғы 04 мамырдағы N 13/16 қаулысы. Қарағанды облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 17 мамырда N 1878 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы N 10/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2011.03.25 N 10/04 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 192023 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсаны аралығында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды басқаруды үйлестіру және бақылауды ұйымдастыру үшін облыстық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Қалалар мен аудан әкімдіктері:
      1) қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;
      2) шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету және мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың шақыру учаскелеріне ұйымдасқан түрде келулері жөніндегі қажетті іс шаралар қабылдасын;
      3) шақыру пунктін (шақыру учаскелері) жабдықтауды, дәрі-дәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен, автомобиль көлігімен қамтуды, сондай-ақ байланыс құралдарымен қамтамасыз етсін;
      4) қызмет көрсететін медициналық және техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
      4. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы (Е.Ә. Әбілқасымов) қалалық және аудандық медициналық шақыру комиссияларын дәрігер – мамандар және орта медициналық қызметкерлермен толықтырсын, облыстық жинау пунктінің базасында шақырылғандарды адам иммунитеті тапшылығы вирусіне тексеру және бақылау флюорографиялық тексеруін ұйымдастырсын.
      5. Қарағанды облысының ішкі істер департаменті (Н.А. Рахымберлин - келісім бойынша) өз құзырының шеңберінде:
      1) қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басқармалары және бөлімдерімен бірлесе отырып шақыру учаскелерінде, жөнелту станцияларында, облыстық жинау пунктінде тәртіпті қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      2) әскери міндетін орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру;
      3) әскери қызметке шақырудан бас тартқан тұлғалардың жеткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті (Т.Н. Хамитов - келісім бойынша) облыстық жинау пункті бөлмелерінің санитарлық жағдайын бақылауды қамтамасыз етсін.
      7. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясына (Б.Р. Аманов) облыстық жинау пунктінде байланыс құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. Ішкі саясат басқармасы (Г.Х. Қаңтарбекова), Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы (Е.Б. Халилин) қорғаныс істері жөніндегі басқармалар және бөлімдермен бірлесе отырып соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесулер өткізумен әскери-патриоттық сипаттағы тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құрамаларына шақырушылардың командаларын аттандыру кезінде спорт ұжымдарының көрсетілімдерін өткізсін.
      9. Қарағанды облысының мәдениет басқармасы (Р.К. Омарбекова) шақырылғандарды салтанатты шығарып салу күндері көркемөнерпаз және шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуін ұйымдастырсын.
      10. Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы (Ж.И. Ибаділдин) шақыруды өткізумен байланысты іс шараларды өткізу үшін облыстың тиісті ұйымдар және мекемелермен қажетті шарттар жасасын, олардың орындалуы үшін бақылауды жүзеге асырсын.
      11. Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (Т.Б. Амангелдиев - келісім бойынша) шақыру аяқталған соң облыс әкіміне оның қорытындылары туралы ақпарат тапсыру ұсынылсын.
      12. Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын (2 қосымшаға сәйкес).
      13. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.О. Қырықбаевқа жүктелсін.
      14. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Қарағанды облысының
      әкімі                                      С. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігінің
      мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау Комитетінің Қарағанды облысы
      бойынша департаментінің
      директоры
      Т.Н. Хамитов
      2010 жыл 25 сәуір

      Қарағанды облысының қорғаныс істері
      жөніндегі департаментінің бастығы
      Т.Б. Амангелдиев
      2010 жыл 26 сәуір

      Қарағанды облысының ішкі істер
      департаментінің бастығы
      Н.А. Рахымберлин
      2010 жыл 26 сәуір

Қарағанды облысы әкімдігінің
2010 жыл 04 мамырдағы
"2010 жылы азаматтарды
мерзімді әскери қызметке
шақыруды өткізу туралы"
N 13/16 қаулысына
1-қосымша

Облыстық шақыру комиссия құрамы

      Амангелдиев                         - қорғаныс істері жөніндегі
      Талғат Бекмұратұлы                    департаментінің бастығы–
                                            комиссия төрағасы

      Ибаділдин                           - жұмылдыру дайындығы
      Жұмамәді Ибаділдәұлы                  азаматтық қорғаныс,
                                            авариялар мен дүлей
                                            апаттардың алдын алуды
                                            және жоюды ұйымдастыру
                                            басқармасының бастығы-
                                            комиссия төрағасының
                                            орынбасары

      Шинкарук                            - қорғаныс істері жөніндегі
      Галина Васильевна                     департаментінің облыстық
                                            медициналық комиссия
                                            медбикесі - комиссия
                                            хатшысы

Комиссия мүшелері

      Әуезов                              - қорғаныс істері жөніндегі
      Әміржан Таңатарұлы                    департаментінің шақыру
                                            басқармасы бастығының
                                            орынбасары – медициналық
                                            комиссия төрағасы–
                                            дәрігер (келісім бойынша)

      Бөлекбаев                           - ішкі істер департаменті
      Берік Сейітханұлы                     бастығының орынбасары
                                            (келісім бойынша)

      Сәдуақасов                          - денсаулық сақтау
      Төлеген Мергенұлы                     басқармасы бастығының
                                            орынбасары

Қарағанды облысы әкімдігінің
2010 жыл 4 мамырдағы
"2010 жылы азаматтарды
мерзімді әскери қызметке
шақыруды өткізу туралы"
N 13/16 қаулысына
2-қосымша

Күші жойылған қаулылар тізімі:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы "2009 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 12/06 қаулысының (Қарағанды облысының әділет департаментінде 2009 жылғы 27 мамырда N 1867 тіркелді; 2009 жылғы 2 маусымдағы "Орталық Қазақстан" газетінің N 81, 2009 жылғы 2 маусымдағы "Индустриальная Караганда" газетінің N 62 номерлерінде жарияланды);
      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 мамырдағы "2007 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 10/04 қаулысының (Қарағанды облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 7 маусымда N 1829 тіркелді; 2007 жылғы 16 маусымдағы "Орталық Қазақстан" газетінің N 92-93, 2007 жылғы 16 маусымдағы "Индустриальная Караганда" газетінің N 70 номерлерінде жарияланды);
      3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі "2006 жылы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 20/02 қаулысының (Қарағанды облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 20 қазанда N 1820 тіркелді; 2006 жылғы 26 қазандағы "Орталық Қазақстан" газетінің N 211-212, 2006 жылғы 26 қазандағы "Индустриальная Караганда" газетінің N 128 номерлерінде жарияланды).

О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в 2010 году

Постановление акимата Карагандинской области от 04 мая 2010 года N 13/16. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 17 мая 2010 года N 1878. Утратило силу - постановлением акимата Карагандинской области от 25 марта 2011 года N 10/04

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Карагандинской области от 25.03.2011 N 10/04 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В соответствии со статьями 192023 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе", статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 29 марта 2010 года N 960 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле – июне и октябре – декабре 2010 года" акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать призыв на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан, отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву.
      2. Для координации руководства и контроля за организацией призыва граждан создать областную призывную комиссию в составе согласно приложению 1.
      3. Акиматам городов и районов:
      1) создать городские и районные призывные комиссии;
      2) принять необходимые меры по обеспечению работы призывных комиссий и организованной явки на призывные участки граждан, подлежащих призыву на срочную воинскую службу;
      3) обеспечить оборудование сборного пункта (призывных участков), снабжение медикаментами, инструментарием, медицинским и хозяйственным имуществом, автомобильным транспортом, а также средствами связи;
      4) обеспечить необходимое количество лиц обслуживающего персонала, медицинских и технических работников.
      4. Управлению здравоохранения Карагандинской области (Абилкасимов Е.А.) укомплектовать районные и городские медицинские призывные комиссии врачами-специалистами и средним медицинским персоналом, организовывать на базе областного сборного пункта исследование на вирус иммунодефицита человека и контрольное флюорографическое исследование призывников.
      5. Рекомендовать Департаменту внутренних дел Карагандинской области в пределах своей компетенции (Рахимберлин Н.А. - по согласованию):
      1) организовать взаимодействие с управлениями и отделами департамента по делам обороны по обеспечению порядка на призывных участках, станциях отправки, областном сборном пункте;
      2) осуществлять розыск и задержание лиц, уклоняющихся от выполнения воинской обязанности;
      3) обеспечить доставку лиц, уклоняющихся от призыва на воинскую службу.
      6. Департаменту Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан по Карагандинской области (Хамитов Т.Н. - по согласованию) обеспечить контроль за санитарным состоянием помещений областного сборного пункта.
      7. Рекомендовать Карагандинской областной дирекции телекоммуникации акционерного общества "Казахтелеком" (Аманов Б.Р.) обеспечить бесперебойную работу средств связи на областном сборном пункте.
      8. Управлению внутренней политики Карагандинской области (Кантарбекова Г.Х.), Управлению туризма, физической культуры и спорта Карагандинской области (Халилин Е.Б.) совместно с управлениями и отделами по делам обороны, организовать воспитательные мероприятия военно-патриотического характера с проведением встреч с ветеранами войны, труда, Вооруженных Сил и показательных выступлении спортивных коллективов в период отправки команд призывников в ряды Вооруженных Сил, других войск и воинских формировании Республики Казахстан.
      9. Управлению культуры Карагандинской области (Омарбекова Р.К.) в дни торжественных проводов призывников организовать выступление художественной самодеятельности и творческих коллективов.
      10. Управлению по мобилизационной подготовке, гражданской обороне, организации предупреждения и ликвидации аварий и стихийных бедствий Карагандинской области (Ибадилдин Ж.И.) заключить договора необходимые для проведения мероприятий связанных с проведением призыва с соответствующими организациями и учреждениями области, осуществлять контроль за их выполнением.
      11. Департаменту по делам обороны Карагандинской области (Амангельдиев Т.Б. - по согласованию) по окончанию призыва представить акиму области информацию об итогах его проведения.
      12. Признать утратившим силу постановления акимата Карагандинской области (согласно приложению 2).
      13. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Кырыкбаева А.О.
      14. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким
      Карагандинской области                     С. Ахметов

      СОГЛАСОВАНО:

      Директор Департамента
      Комитета государственного
      санитарно-эпидемиологического надзора
      Министерства здравоохранения
      Республики Казахстан по
      Карагандинской области
      Т.Н. Хамитов
      25 апреля 2010 год

      Начальник Департамента
      по делам обороны Карагандинской области
      Т.Б. Амангельдиев
      26 апреля 2010 год

      Начальник Департамента
      внутренних дел Карагандинской области
      Н.А. Рахимберлин
      26 апреля 2010 год

Приложение 1
к постановлению акимата
Карагандинской области
"О проведении призыва
граждан на срочную воинскую
службу в 2010 году"
от 4 мая 2010 года N 13/16

Состав областной призывной комиссии

      Амангельдиев                   - начальник Департамента по
      Талгат Бекмуратович              делам обороны - председатель
                                       комиссии

      Ибадилдин                      - начальник управления по
      Жумамади Ибадилдинович           мобилизационной подготовке,
                                       гражданской обороне,
                                       организации предупреждения и
                                       ликвидации аварий и
                                       стихийных бедствий –
                                       заместитель председателя
                                       комиссии

      Шинкарук                       - медицинская сестра областной
      Галина Васильевна                медицинской комиссии
                                       Департамента по делам обороны,
                                       секретарь комиссии

Члены комиссии:

      Ауезов                         - заместитель начальника
      Амиржан Танатарович              Управления призыва
                                       Департамента по делам обороны
                                     - председатель медицинской
                                       комиссии – врач (по
                                       согласованию)

      Булекбаев                      - заместитель начальника
      Берик Сейтханович                Департамента внутренних дел
                                      (по согласованию)

      Садвакасов                     - заместитель начальника
      Толеген Мергенович               управления здравоохранения

Приложение 2
к постановлению акимата
Карагандинской области
"О проведении призыва
граждан на срочную воинскую
службу в 2010 году"
от 4 мая 2010 года N 13/16

Перечень постановлений утративших силу:

      1. Постановление акимата Карагандинской области от 4 мая 2009 года N 12/06 "О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в 2009 году" (зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 27 мая 2009 года за N 1867; опубликовано в газетах "Орталық Қазақстан" от 2 июня 2009 года N 81, "Индустриальная Караганда" от 2 июня 2009 года N 62);
      2. Постановление акимата Карагандинской области от 15 мая 2007 года N 10/04 "О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в 2007 году" (зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 7 июня 2007 года N 1829; опубликовано в газетах "Орталық Қазақстан" от 16 июня 2007 года N 92-93, "Индустриальная Караганда" от 16 июня 2007 года N 70);
      3. Постановление акимата Карагандинской области от 29 сентября 2006 года N 20/02 "О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу 2006 года" (зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 20 октября 2006 года за N 1820; опубликовано в газетах "Орталық Қазақстан" от 26 октября 2006 года N 211-212, "Индустриальная Караганда" от 26 октября 2006 года N 128).