Қарағанды қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 09 сәуірдегі N 10/08 қаулысы. Қарағанды қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 сәуірде N 8-1-113 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 64/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2011.12.29 N 64/02 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды – орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010.12.28 N 63/06 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді) қаулысымен.
      1. Уәкілетті орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі):
      1) кәсібі бойынша орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында Жастар тәжірибесін өткізу жұмысын ұйымдастыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмысқа орналасуға жәрдем жасасын;
      2) жұмыссыздарға - кәсіби оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен Жастар тәжірибесі аясында жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға шарт жасасын;
      3) Жастар тәжірибесін өткізу шараларын қаржыландыру облыстық бюджеттегі 027 "Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейтуге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетінің ағымдағы мақсатты түрдегі трансферті" бағдарламасы бойынша көзделген облыстық бюджеттегі ағымдағы трансферттердің, сондай-ақ 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 102 "Жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары" қосымша бағдарламасында көзделген Қарағанды қаласының бюджеті есебінен жүзгізілсін;
      4) Жастар тәжірибесіне жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы трансферттер сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 26 000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010.12.28 N 63/06 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Халел Мұқатайұлы Мақсұтовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Қала әкімі                                 Б. Әбдішев

Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи города Караганды

Постановление акимата города Караганды от 09 апреля 2010 года N 10/08. Зарегистрировано Управлением юстиции города Караганды 22 апреля 2010 года N 8-1-113. Утратило силу - постановлением акимата города Караганды от 29 декабря 2011 года N 64/02

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Караганды от 29.12.2011 N 64/02 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 6 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", подпунктом 13 пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в целях расширения возможностей трудоустройства безработных граждан – выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования и приобретения ими практического опыта, знаний и навыков акимат города Караганды ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными постановлением акимата города Караганды от 28.12.2010 N 63/06 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      1. Уполномоченному органу – государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Караганды" (далее – Отдел занятости):
      1) организовать работу по проведению Молодежной практики среди безработной молодежи, зарегистрированной в качестве безработных в Отделе занятости, окончившей учебные заведения среднего и высшего профессионального образования по профессии, оказать содействие в трудоустройстве и повышению конкурентоспособности на рынке труда;
      2) заключить с работодателями, изъявившими желание предоставить временные рабочие места безработным – выпускникам профессиональных учебных заведений в рамках Молодежной практики, договор на организацию профессиональной последипломной практики для безработной молодежи;
      3) финансирование мероприятий по проведению Молодежной практики производить в пределах целевых трансфертов, предусмотренных в областном бюджете по бюджетной программе 027 "Целевые текущие трансферты бюджетам районов (городов областного значения) на расширение программы социальных рабочих мест и молодежной практики", а также за счет средств бюджета города Караганды, предусмотренных по программе 002 "Программа занятости" подпрограммы 102 "Дополнительные меры по социальной защите граждан в сфере занятости населения";
      4) определить размер среднемесячных отчислений для лиц, направляемых на Молодежную практику, исходя из общей суммы трансфертов, с учетом плановой численности трудоустраиваемых и продолжительности участия, включая обязательные пенсионные взносы и индивидуальный подоходный налог 26 000 тенге.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением акимата города Караганды от 28.12.2010 N 63/06 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Караганды Максутова Халела Мукатаевича.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города                                Б. Абдишев