Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі "Қарағанды қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы" N 10/08 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 63/06 қаулысы. Қарағанды қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 6 қаңтарда N 8-1-127 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі "Қарағанды қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы" N 10/08 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-113 тіркелген, 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 64 (20848) "Орталық Қазақстан", 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 46 (20909) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) өзгертулер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулы кіріспесіндегі ", "Қарағанды қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы ХХVІІІ сессиясының N 302 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 8-1-106)" сөздері жойылсын;
      2) 1 тармағы 4 тармақшасындағы "20 000" саны "26 000" санына ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Халел Мұқатайұлы Мақсұтовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Қала әкімі                                 Б. Әбдішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады