Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2012.04.16 N 32 (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
2. ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 28 қазандағы ХХV сессиясының "Қарағанды қаласының әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы" N 267 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-100 болып тіркелген, 2009 жылғы 2 желтоқсандағы N 129 (593) "Взгляд на события" газетінде жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланыдамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы – Асхат Қанатұлы Аймағамбетов).
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін онкүнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
ІV шақырылған Қарағанды
қалалық мәслихатының кезекті
сессиясының төрағасы Қ. Оспанов
Қарағанды қалалық
мәслихатының хатшысы Қ. Бексұлтанов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарағанды қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ж. Ысқақов
2010.06.21
Қарағанды қалалық
мәслихатының
2010 жылғы 16 маусымдағы
N 368 шешімімен бекітілді
Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету
Ережесі
Осы Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 2, 41-2, 97 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" N 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" N 512 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" N 710 қаулысына сәйкес әзірленді және Қарағанды қаласының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін анықтайды.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.23 N 447 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Негізгі ережелер
1. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
тұрғын үйді ұстауға;
тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына;
байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне ақы төлеуге берiледi.
Отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледi.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.23 N 447 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
1) арнайы комиссия – тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тарту мәселелері бойынша шиеленісті, даулы немесе ерекше жағдайларды қарайтын, уәкілетті органның жанындағы комиссия;
2) коммуналдық қызметтер – сумен қамтамасыз етуді, кәрізді, газбен қамтамасыз етуді, электрмен қамтамасыз етуді, жылумен қамтамасыз етуді, қоқыс жоюды, және лифтке қызмет көрсетуді қоса алғанда тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) көрсетілетін қызметтер;
3) кондоминиум - үй-жай жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң бөлек (жеке) меншiгiнде болатын, ал ортақ мүлiк оларға ортақ үлестi меншiк құқығымен тиесiлi болатын жағдайда бiрыңғай мүлiктiк кешен (кондоминиум объектісі) ретiндегi жылжымайтын мүлiкке меншiктiң ерекше нысаны;
4) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу – қажет болған жағдайда құрылымдық элементтер мен инженерлік жабдықтау жүйелерін ауыстыра отырып, ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгерістерімен байланысты емес физикалық және сапалық тозуды жоюға қатысты құрылыс және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының кешені;
5) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiнін күтiп ұстау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
6) отбасы – бір мекенжайда бірге тұратын және тіркелген неке, туысқандық, балаларды асырап алу немесе тәрбиеге алудың басқа да түрлерінен шығатын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттермен байланысқан тұлғалар тобы;
7) отбасының жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құқықтарды анықтауда есепке алынатын табыс түрлерінің сомасы;
8) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
9) тұрғын үйді жалдау – тұрғын үйді немесе оның бөлігін жалға алушыға тұрақты немесе уақытша ақы төлеп жалдауға береді;
10) тұрғын үйді ұстау шығындары – жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген тұрғын үй (пәтер) иелерінің ай сайынғы жарналары арқылы жиналатын міндетті шығын сомалары;
11) уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін беретін "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);
12) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының бiр айда кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің критерийі болып табылады;
13) шот - өтініш беруші тұрғын үй көмегі тағайындалған кезеңде қағаз жеткізгіште немесе қызметтермен жабдықтаушы электрондық жеткізгіште ұсынатын кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді (тұрғын үй - жайды) жалдауға, байланыс қызметтеріне, қатты отын алуға ақы төлеу құжаты.
3. Тұрғын үй көмегі Қарағанды қаласында тұрақты тұратын, белгілі бір тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе пайдаланушысы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға), егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану ақысының шығындары өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданы нормасының шегінде болса, бірақ осы мақсаттарға жұмсалатын шығындардың мүмкіндік шегі деңгейінен асатын, кондоминиум объектiсінiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, отбасы бюджетіндегі тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы шығындарының нормативтері және нақты қолданыстағы жалпы ауданнан артпайтын болса беріледі.
Зейнеткерлік жасқа жетпеген мүгедектер (жалғыз тұратын мүгедектер, мүгедектерден тұратын отбасылар, 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедектер, мүгедектер мен олардың күтімімен айналысатын адамдар) үшін тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсінiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу отбасының (адамның) жиынтық табысының 8 пайызы мөлшерінде, өзге санаттардағы азаматтар үшін отбасының (адамның) жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау
4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіппен көрсетеді:
1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы отбасының әр мүшесіне тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды;
2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:
бір адамға көлемді газ:
қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар), нақты шығындар бойынша, орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етудің бар немесе жоқ болуына қарамастан, айына 8 килограмнан аспауы тиіс;
қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар) баллон газын нақты шығындар бойынша, бірақ көлемді газды тұтыну бойынша айына бір адамға бекітілген нормативтен артық емес тұтыну (айына 8 килограммнан аспауы тиіс);
қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, жүкқұжаттар, шот-фактуралар) нақты шығындар бойынша қатты отынды пайдалану:
1985 жылға дейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) 161 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) 98 килограмм көмірден артық емес;
1985 жылдан кейін салынғын тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) 125 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына) 72 килограмм көмірден артық емес;
жылыту маусымының ұзақтығы – 7 ай;
тұрғын үй көмегін есептегенде, статистика органдарының мәліметтері бойынша Қарағанды қаласында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы қолданылсын;
нақты шығындар бойынша, отбасының электроэнергияны тұтынуы:
газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 150 киловаттан;
электр плитасымен жабдықталған үйлерде 250 киловаттан аспау керек;
3) cуық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті, газды, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері, басқарудың заңды үлгісін рәсімдегендер) қызмет көрсетуді берушімен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді;
4) кондоминиум объектiсінің ортақ мүлкiн күрделi жөндеудің түрлеріне ақы төленуі тиіс. Кондоминиум объектiсінің ортақ мүлкiн күрделi жөндеудің түрлеріне ақы төлеу кезегі жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй комиссиясымен) келісіліп, пәтер иелері жалпы жиналысында анықталады.
5. Кондоминиум объектiсінiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне белгіленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі.
6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өтелуі тиіс.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау
7. Тұрғын үй көмегін уәкілетті орган береді және тұрғылықты мекенжайы бойынша жеке тұлғаларға тағайындалады.
8. Тұрғын үйдің (пәтерлер, үйлер) бір бірлігінен артық үйі бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға (жалдауға) беретін отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.
9. Тұрғын үй көмегі келесілерге берілмейді:
1) еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын адамдары бар отбасылар;
2) жұмыс істемесе және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген болса, N 1 және N 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын адамдар;
адамдарды есептемегенде:
1) күтім қажет деп танылған мүгедектерге күтім жасайтындар;
2) туберкулездік және психоневрологиялық диспансерлерде, емдік-профилакториялық мекемелерде бір айдан астам уақыт стационарлық немесе амбулаториялық емделудегі адамдар;
3) үш жасқа дейінгі бір немесе одан да көп баланың тәрбиесімен айналысатындар;
4) кіші баласы бірінші сыныпты аяқтағанға дейін (9 жастан аспаған) төрт және одан да көп баланың тәрбиесімен айналысатындар;
5) кіші баласы 8 жасқа толғанға дейін өзіне және балаларына асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар.
10. Алкогольге немесе есірткіге тәуелді отбасы мүшелерімен сонымен қоса, 18 жасқа толмаған адамдармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иесі болып табылатын зейнеткерлерге және мүгедектерге бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерде тұратынына қарамастан, бір адамға тұрғын үй ауданының нормасы (18 шаршы метр) және бір адам үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үй көмегі беріледі.
11. Ақпараттық - маркетингтік қызметпен айналысатын және жеке компанияның сауда белгісінің өнімін өткізуде сауда делдалдығын жүзеге асыратын адамдар салық басқармасында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлға ретінде немесе уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс не болмаса негізгі жұмыс орнынан анықтама ұсынуы тиіс.
12. Жанжалды немесе қалыпсыз жағдайлар пайда болған кезде, тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
13. Өтемақының артық немесе кем тағайындалуына әкеп соқтырған әдейі жалған мәліметтерді берген жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады. Тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс, бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылады.
4. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері мен мерзімділігі
14. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, табыстар және осы тұрғын үйде отбасы құрамының тіркелуі жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен 6 ай мерзімге тағайындалады.
15. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер ақысын төлеуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге отбасы шығындарының мүмкіндік шегіндегі деңгейі, коммуналдық қызметтер тарифтері өзгерген жағдайда, сәйкес өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.
16. Жәрдемақы алу құқығын анықтау кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.
17. Тұрғын үй көмегін алушыларға он күн ішінде өзінің меншікті тұрғын үйі, отбасы құрамы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер жөнінде уәкілетті органға хабарлау қажет.
5. Өтініш білдіру және тұрғын үй көмегін есептеу тәртібі
18. Тұрғын үй көмегін тағайындауға құжаттарын тапсыру үшін өтініш беруші уәкілетті органға немесе тұрғылықты жері бойынша "Қарағанды облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесіне тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш пен келесі құжаттарын (1 қосымша) ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, қоныстану ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі);
2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
3) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;
4) отбасы мүшелерінің қызметі жөніндегі мәліметтер (еңбек кітапшасы, жұмыс орнынан анықтама, еңбек шарты, жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан анықтама, салық басқармасынан алынған жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелгендігі немесе тіркелмегендігі туралы анықтама, мүгедектік тобын белгілеу туралы анықтама әкеледі);
5) өтініш берушінің отбасылық жағдайын растайтын құжат:
некеге тұру немесе некені бұзу куәлігі, қайтыс болғаны жөніндегі куәлік, жетпіс жастан асқан жалғыз басты адамдарды есептемегенде, азаматтық хал актілерінің жазбаларынан N 4 үлгідегі анықтама;
6) тұрғын үйді ұстау шығындары жөніндегі шот, коммуналдық қызметтерді төлеу түбіртегі, тұрғын үйдің жалпы ауданын растайтын техникалық төлқұжат, телекоммуникация желісі қызметтерінің түбіртегі немесе шарт, көлемді және баллон газын алу шоты (түбіртектер, анықтамалар), қатты отын алу шоты (түбіртектер, жүкқұжаттар, шот-фактуралар), телекоммуникация байланысының қызметтері туралы шарт немесе түбіртек, кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің түрлерін өткізудің шығындар сметасының негізінде, жергілікті уәкілетті органмен (тұрғын үй инспекциясы) келісе отырып, пәтер иелері мен жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) жалпы жиналыста бекіткен және кондоминимум объектісін басқару органының бастығының қолы мен мөрі қойылған, кондоминимум объектісін басқару органы ұсынатын кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот, жергілікті атқарушы орган ұсынған пәтерді жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
7) отбасы мүшелерінің табыстары жөніндегі мәліметтер;
8) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарының жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама.
Құжаттар тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады, ал құжаттардың көшірмесі жеке іске қоса ұсынылады.
19. Түскен құжаттарды қарастыру нәтижесінде уәкілетті орган бланкілер үлгісін (2, 3, 4 қосымшалар) толтырады және тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың жеке істері түзіледі. Ай сайын тұрғын үй жәрдемақысы есебін жүргізеді және өтініш иесіне өтініш жасауына қарай беріледі.
20. Тапсырылған құжаттардың дұрыстығына күдік туған жағдайда, уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғаның табыстары жөнінде ақпарат сұратуға құқылы.
21. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй көмегін алушының өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу мен жергілікті уәкілетті орган белгілеген отбасының аталған мақсаттарға шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi сомасы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.
22. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне іс жүзінде төленетін сомадан артпауы тиіс.
23. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды қызмет көрсетушілер электрондық тасымалдаушыда немесе жеке тұлғалар қағаз тасымалдаушыларда (шоттар, түбіртектер, хабарламалар, анықтамалар) ұсынады.
24. Қажет болған жағдайда, уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін жасайды.
6. Тұрғын үй көмегін төлеу
25. Тұрғын үй көмегі ақшалай немесе аударма түрінде беріледі. Аударма түрі – бұл ақша қаражаттарын қызмет көрсетушілердің есепшоттарына, сонымен қоса кондоминиум объектісін басқару органының (ағымдағы, жинақтаушы) шоттарына аудару.
Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне байланысты ақы төлеу), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе ақшалай төленеді. Ақшалай түрі екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы операцияны жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдары арқылы азаматтардың жеке есепшоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді. Жеке шоттарға аудару үшін өтініш иесі келесі құжаттарын ұсынуы тиіс:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) әлеуметтік жеке код;
3) екінші деңгейдегі банкте немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ашылған жеке шот.
7. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
26. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде жиынтық табысты есептеу тәртібі
27. Отбасының жиынтық табысына азаматтарды тіркеу кітабына сәйкес, осы мекенжай бойынша тіркелген барлық тұлғалардың тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсан алдындағы тоқсандағы табыстары енгізіледі.
28. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсан мерзімінен кем жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыты есепке алынады.
29. Есептеу кезеңінде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеуде келесі тоқсанның бірінші айынан бастап келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы есепке алынады (есепке алынбайды).
30. Бір тоқсаннан аса төленуі тиіс табысты (еңбекақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар бойынша берешек) бір мезгілде алуда есептеу кезеңінде алынған табыстың барлық сомасы есепке алынады.
31. Отбасының орташа айлық табысы отбасының тоқсандағы жиынтық табысын үш айға бөлу жолымен есептеледі.
9. Отбасының жиынтық табысын есептегенде есепке алынатын табыс түрлері
32. Отбасының жиынтық табысын есептегенде, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсан алдындағы тоқсанда нақты алынған ақшалай және заттай табыс түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы түріндегі табыс;
2) зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер;
3) балаларға және асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс;
5) жиынтық табысты есептегенде ескерілетін басқа да табыс түрлері.
33. Еңбекақы түріндегі табыстар:
1) еңбекақының барлық түрлері, соның ішінде келісімдік, уақытша, сондай-ақ сыйақы, үстемеақы, негізгі және қосымша жұмыс орны бойынша ақшалай және заттай қосымша ақы (қаржыландыру көздеріне тәуелсіз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жұмыскерлердің еңбекақысы сақталатын кезеңде заңнамаға сай оларға төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда);
2) еңбек демалысы кезінде сақталатын еңбекақысы, сондай–ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төленетін ақшалай өтемақы;
3) ұйымның (заңды тұлға) таратылу немесе жұмыс берушінің (жеке тұлға) қызметін тоқтату, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген көлемде жұмыскерлердің саны немесе штатының қысқару жағдайында жеке еңбек шартын бұзу кезінде төленетін өтемақылар;
4) уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды атқару кезеңіндегі еңбекақысы;
5) маусымдық жұмыстарға қамтылған жұмыскерлердің еңбекақысы алу кезінде отбасының жиынтық табысына есепке алынады. Еңбекақының болмау кезінде жиынтық табыс оны есепке алмай есептелінеді;
6) сақтандыру агенттеріне және брокерлерге төленетін делдалдық сыйақы;
7) еңбекақыны есептеуде есепке алынбайтын және ұйым қаражатын есебінен төленетін (оқу демалысының төлемі, авторлық гонорар, қарыз, несие, ашқан жаңалығы, өнертабысы және тиімді ұсыныстары үшін сыйақы) төлемдердің басқа түрлері;
8) отбасы құрамында есепке алынбайтындықтан, жедел қызметтегі, соның ішінде әскери-құрылыс отрядтарында қызмет атқарып жүрген әскери қызметкерлердің ақшалай үлесін қоспағанда, келісім-шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкерлер және ішкі істер органдарының саптағы және басшы құрамындағы тұлғалар, сондай-ақ оларға теңестірілген азаматтар санаттарының ақшалай үлесі үстемеақы мен қосымша ақылары есепке алына отырып, отбасының жиынтық табысына енгізіледі;
9) шет елде жұмыс істейтін және отбасы құрамында есепке алынған тұлғалардың жиынтық табысындағы еңбекақысы ұлттық және шет ел валютасында есепке алынады. Осы жағдайда шет ел валютасында алынған табыс отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде Ұлттық Банк белгілеген бағам бойынша ұлттық валютада есептеледі;
10) егер Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына жұмыс істеуге немесе оқуға келген және отбасы құрамында есепке алынған шет ел азаматымен некеге тіркелген болса, отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының азаматының табысынан және отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде Қазақстан Республикасында алынған ұлттық, сондай-ақ Ұлттық Банк белгілеген бағам бойынша ұлттық валютада есептелінген шет ел валютасында алынған шет ел азаматының табысынан белгіленеді;
11) авторлық гонорар (шарттар болмаған жағдайда), сондай-ақ ашқан жаңалығы, өнертабысы және тиімді ұсыныстары үшін алған сыйақы гонорар сомасын 12 айға бөлуден алған үлес мөлшерінде отбасының жиынтық табысына ай сайын енгізіліп отырады;
12) өтелген несие, қарыз сомасы жиынтық табысқа енгізіледі және оларды өтеу (бөлшектеп өтеу кезінде төленген сома және несие, қарыз беру мерзіміне сәйкес) сәтінен бастап несие беру мерзіміне бөлінеді;
13) шарт жасамай, жекелеген азаматтарда жұмыспен қамтылған тұлғалардың жиынтық табысында олардың нақты еңбекақысы есепке алынады. Осы жағдайда еңбекақының заттай бөлігі нарық бағалары бойынша ақшалай баламада жиынтық табысқа енгізіледі. Еңбекақыны өтініш беруші ерікті түрде көрсетеді, бірақ заңнамамен бекітілген төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен емес;
14) азаматтық-құқықтық шарттар (мердігерлік) бойынша жұмыс жасаушы тұлғалардың табысы шарт әрекетінің барлық кезеңі бойынша қосылады. Алынған табыс жұмыс жасау үшін шартта көрсетілген ай санына бөлінеді және есептеу кезеңіне сәйкес келетін айлар үшін жиынтық табыста есептелінеді;
15) салық комитетінде тіркелген өздігінен жұмыспен қамтылған тұлғалардың жиынтық табысында олардың салық комитетімен расталған анықтамадағы табысы есепке алынады;
16) арнайы салық тәртібі жағдайында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың табыстары бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады;
17) жұмыс берушінің кесірінен бос тұрып қалу уақытына ақы төлеусіз бір айдан артық уақыт жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдардың жиынтық табысын есептегенде өзі көрсеткен табысы ескеріледі.
Еңбекақы түрінде алынған табыстар олардың мөлшері жөніндегі анықтамалармен расталады.
34. Зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарымен және басқа да нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте тағайындалатын зейнетақының барлық түрлері және оларға өтемақылық төлемдер;
2) мүгедектікке, асыраушысынан айрылу жағдайы және жас мөлшері бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
3) арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
4) жер асты және ашық тау-кен жұмыстарында, сондай-ақ аса зиянды және ауыр еңбек жағдайында жұмыс жасаған тұлғаларға арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
5) төлем көздеріне тәуелсіз студенттерге, оқушыларға, аспиранттарға, докторанттарға, оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін шәкіртақы. Орта білім беру жүйесінде оқитын, сондай-ақ жоғары және орташа арнайы білім беру орындарында күндізгі бөлімде ақылы негізде, шәкіртақы алмай оқитын студенттердің жиынтық табысына студенттің ерікті түрде көрсеткен табысы есептелінеді;
6) уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша жәрдемақы (соның ішінде бала күтімі бойынша);
7) жүктілік және босану бойынша жәрдемақы;
8) жергілікті уәкілетті және атқарушы органдардың шешімі бойынша бюджеттен берілетін тұрақты төлемдер;
9) жүріп - тұрысында қиыншылықтары бар бірінші топ мүгедектері үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеу;
10) алушының жазбаша өтініші бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін материалдық көмек және біржолғы төлемдер;
11) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдер;
12) жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдемақы;
13) бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы;
14) мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге берілетін мемлекеттік жәрдемақы.
Әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыстар олардың мөлшері жөніндегі анықтамалармен расталады.
35. Балаларға және асыраудағыларға төленетін алимент түріндегі табыстар:
1) алименттер, сондай-ақ алимент төлеушінің еңбекақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттердің қосымша сомалары оларды алу уақытына сай жиынтық табыста есептелінеді;
2) ата-ананың арасындағы неке бұзылған кезде, ері (зайыбы) балаларға алимент төлеу жағдайында тұрғын үй көмегі тағайындалады. Алимент өндіруге қарсылық білдірілсе, отбасы жәрдемақы алу құқығынан айрылады;
3) төлеуші жұмыс істемеген және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген, бас еркінен айыру орындарында немесе уақытша қамау орнында, емделуде немесе туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде, емдеу-еңбек профилакторийінде есепте тұрған, Қазақстан Республикасының тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрақты мекенжайға орналасуға кеткен немесе іздеу салынған жағдайда, отбасының жиынтық табысы тиісті органдар растайтын құжаттар қоса ұсынылған жазбаша өтініш негізінде есептелінеді;
4) алимент бойынша қарыздар пайда болған жағдайда, жиынтық табыс алименттерді есепке алмай, сот орындаушысының қарыздар жөніндегі ұйғарымы қоса ұсынылып есептелінеді;
5) егер ата-ана арасындағы неке бұзылмаса, бірақ ерлі-зайыпты адамдардың бірінен алимент өндірілген болса, осы ерлі-зайыпты адамның отбасымен бірге тұрса, жиынтық табыста оның табысы толық есепке алынады. Ерлі-зайыптылардың бөлек тұруы жағдайында, отбасының жиынтық табысында алименттер есепке алынады;
6) қамқорлық ресімделген балаларға алимент төленбеген жағдайда, ата-анасынан алимент алу жөніндегі анықтаманы ұсынбай, жиынтық табыс есептелінеді;
7) балаларға және асырауындағыларға алынған алименттер ұйымдардың алименттерді аударуы жөніндегі анықтамаларымен немесе алынған алименттер жөніндегі пошталық аударымдар түбіртегімен, сондай-ақ өндіру туралы сот органдарының шешімі қоса ұсынылып, жазбаша өтініш негізінде расталады.
36. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыстар:
1) ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру, мал және құс ұстау және өсіру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс (саябақ телімдерінен алынатын табысты есептемегенде) әр отбасы бойынша өтініш берушінің жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі және көлемі жөніндегі мәліметтері негізінде есептелінеді;
2) жылдық жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысты осы Ереженің 5, 6, 7 қосымшалары негізінде уәкілетті орган есептейді;
3) жердің бір сотығынан (бір бастан) өндірілетін өнім құны өсірілетін дақылдардың (қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнімділігі) орташа өнімділігін 5 қосымшаға сәйкес өнімнің 1 килограмм орташа бағасына көбейту жолымен анықталады;
4) екі немесе одан да көп отбасылар қолданатын жеке қосалқы шаруашылықтан, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығынан алынатын табыстар осы шаруашылықта жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің санына пропорционал әр отбасы бойынша бөлініп есептелінеді;
5) отбасының жиынтық табысында тоқсан ішінде жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс есептелінеді. Отбасының жиынтық табысында тоқсан ішінде жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысы жылдық жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысты төрт тоқсанға бөлу жолымен анықталады;
6) табысты есептеу үшін Қарағанды облысының статистика басқармасының деректері негізінде Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынған Қарағанды облысында қалыптасқан өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері бойынша өткен жылғы орташа жылдық бағалар пайдаланылады;
7) жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыстардың жеке нормативтік есептеу карточкасы өтініш берушінің мәліметтері негізінде отбасының жиынтық табысына есеп жүргізетін тұлға арқылы толтырылады.
37. Жиынтық табысты есептегенде есепке алынатын басқа да табыстар:
1) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын жалға беру;
2) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын сату;
3) жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын және басқа мүлікті сыйға беру, мұраға алу түрінде;
4) салымдар және борыштық құнды қағаздарды есепке ала отырып, лоторея, ұтыс бойынша алынған заттай және (немесе) ақшалай түрдегі ұтыстар;
5) туысқандар мен жақын адамдардың ақшалай және заттай көмегін (құндық түрде) қосқанда көрсетілетін табыстар;
6) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын жалға беруден алынған ресми түрде расталмаған табыстар айына төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен есептелмейді;
7) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын сатудан түскен табыс 12 айға бөлінеді және оның сәйкес бөлігі есептік кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа енгізіледі;
8) басқа тұрғын үй (көлік құралын) сатып алған жағдайда, отбасының жиынтық табысында тұрғын үй (көлік құралын) сатқаннан түскен сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлік құралын) құны арасындағы айырмашылық есепке алынады;
9) несие төлемдері отбасының жиынтық табысының 60 % асатын болса, төленген кредит сомалары. Сонымен қоса жиынтық табысқа ай сайынғы төлем мөлшері мен отбасының жиынтық табысының 60 % арасындағы айырмашылық ескеріледі.
Көрсетілген табыстар алу уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтінішпен расталады.
10. Отбасының жиынтық табысын есептегенде ескерілмейтін табыс түрлері
38. Отбасының жиынтық табысын есептегенде ескерілмейтін табыс түрлері:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) тұрғын үй көмегі;
3) бала туғанда берілетін жәрдемақы;
4) мемлекет бастамасымен (мерекелерге және мерейтойларға қарсы) көрсетілетін көмек;
5) жеке ісін ашуға көрсетілетін көмек;
6) негізгі азық-түлік тауарларына бағалардың қымбаттауына байланысты Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына көрсетілетін ай сайынғы әлеуметтік көмек;
7) 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
8) жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақы;
9) отбасының бір мүшесі сол отбасында тұрмайтын адамға төлейтін алименттері;
10) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протез жасатуына жолақысын төлеу;
11) протез жасату кезінде азаматтарды асырау;
12) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге жеңілдікпен жол жүруінің құны;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: емдік препараттар, санаторлық-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (әзірлеу және жөндеу), қозғалыс құралдары (кресло-арба) және мүгедектерге берілетін оңалтудың өзге де құралдары, оқу кезінде оқушыларға берілетін тегін ас түрінде көрсетілетін көмектің заттай түрлері;
14) ақшалай және заттай түрде (бағалы құны) көрсетілетін қайырымдылық көмегі;
15) төтенше жағдайлардың салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу үшін көрсетілген біржолғы көмек;
16) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін, мүгедектерге арнайы көлікте қызмет көрсетуге материалдық (әлеуметтік) көмек;
17) мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;
18) азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге әлеуметтік жолақы билетінің құны түрінде берілетін әлеуметтік көмек;
19) үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға төленетін материалдық қамсыздандыру;
20) бөгде адамның көмегіне мұқтаж бірінші, екінші топтағы жалғызбасты мүгедектердің күтіміне мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстемақы.
Қарағанды қаласының
тұрғындарына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
1 қосымша
Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш
Өтініш берушіні есепке алғанда, ________ адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үйді ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, тұрғын үйді жалға алуға (жалға беруге), сондай-ақ қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты жұмсалатын шығындардың орнын толтыру үшін жәрдемақы тағайындауыңызды сұраймын.
Мен және менің отбасымның мүшелері табысы жөніндегі мәліметтерді беруге келісім білдіргеніміздің дәлелі ретінде заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты жариялауға өз рұқсатымызды береміз.
Маған тұрғын үй көмегінің артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеліп соқтыратын көрінеу жалған мәліметтерді бергенім үшін көмектің төленуі тоқтатылатыны туралы, ал тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс екендігі, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылатыны ескертілді.
Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 бабының 1 тармағына және 325 бабының 3 тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жүктелетін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Өтініш берушінің деректері:
Тегі, аты, әкесінің аты _______________________________________
Жеке куәлік деректері _________________________________________
(өтініш берушінің туған күні, N және куәліктің берілген уақыты)
СТН ___________________________________________________________
ӘЖК ___________________________________________________________
Отбасының өтініш беру тоқсанының алдындағы тоқсандағы жиынтық табысының орташа айлық мөлшері ______________________________________
Өтініште көрсетілген табыстардан басқа табыстар жоқ.
Тұрғылықты жері ________________________________________ көшесі ____________ үй ___________ пәтер телефон ___________________________
тиістілік _______________________ түрі ______________________________
(пәтер иелері кооперативі) (жеке, мемлекеттік)
Жалпы ауданы _____________________ шаршы метр.
Қосымша аудан ____________________ шаршы метр.
Бөлме саны ________________
Әлеуметтік мәртебе __________ отбасылық жағдай ________________
Қызмет берушілерге тұрғын үй көмегін аударуға келісім беремін.
Меншігімде бір тұрғын үй бар.
Өтініш берушінің қолы ___________________________
Күні ____________________________________________
Қарағанды қаласының
тұрғындарына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
2 қосымша
Отбасы құрамы мен тұрғын үй алаңының жалпы ауданы туралы анықтама
Азамат (ша) ____________________________________________
оның: _________ көшесі (шағынаудан) _______ үй _____ пәтер ______
мекенжайы бойынша тұратындығын растау үшін берілді.
Отбасы құрамы __________________ адам.
Тұратын алаңы __________ шаршы метр.
Пәтерге (үйге) құқығын белгілейтін құжат N _____ _______________________________________________________________
Тұрғын үй иесімен бірге келесі адамдар тұрады:
Т.А.Ә. |
Туған жылы |
Туыстығы |
Қай уақыттан бері тұрады |
Анықтама азаматтарды тіркеу кітабының негізінде толтырылды
Маманның қолы _____________________
Қабылдау мерзімі __________________
Қарағанды қаласының
тұрғындарына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
3 қосымша
Отбасының барлық мүшелерінің кірістері туралы анықтама
1. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _________________________________
Айы |
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
Кірістің түрі |
||||||||||||
Кірістің сомасы |
2. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. __________________________________
Айы |
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
Кірістің түрі |
||||||||||||
Кірістің сомасы |
3. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. __________________________________
Айы |
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
Кірістің түрі |
||||||||||||
Кірістің сомасы |
Өтініш берушінің қолы ______________________________________
Күні _______________________________________________________
Қарағанды қаласының
тұрғындарына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
4 қосымша
200__ жылғы ____________ бойынша тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары анықтама
Төлеуші _____________________________________________________
(пәтер иесінің (жалдаушы) Т.А.Ә.)
Мекенжайы ____________________________________________________
Жалпы ауданы _______________ шаршы метр.
Бөлме саны _________________
Үйдің жалпы сипаттамасы ______________________________________
(жалпы немесе болондық газ, ыстық сумен қамтамасыз ету)
Төлем түрлері |
Қызмет саны |
Жеке шоттың нөмірі |
1. Тұрғын үйді ұстау шығындары (ПИК, ПИТК) |
||
2. Жылыту жүйесі |
||
3. Ыстық су |
||
4. Суық су |
||
5. Кәріз |
||
6. Электр энергиясымен қамтамасыз ету |
||
7. Газ |
||
8. Қоқыс шығару |
||
9. Телефонға абоненттік төлем |
Маманның қолы _____________________________
Қабылданған күні __________________________
Қарағанды қаласының
тұрғындарына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
5 қосымша
Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, килограмм |
Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1 килограмм өнiмнiң орташа бағасы, теңге |
1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған х 4 бағанға) |
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 бaған - 3 баған) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
|||||
Арпа |
|||||
Қарамық |
|||||
Жүгерi |
|||||
Көп жылдық шөптер |
|||||
Бiр жылдық шөптер |
|||||
Картоп |
|||||
Көкөнiстер |
|||||
Бақшалар |
|||||
Шекілдеуiк бақтары |
|||||
Сүйектi жемiс бақтары |
|||||
Жидек дақылдары |
|||||
Жүзім |
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, килограмм (литр) |
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1 килограмм өнiмнiң, (1 литр, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге |
1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған x 4 бағанға) |
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 баған – 3 баған) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал (сүт) |
|||||
Eтті iрi қара мал (сиыр еті) |
|||||
Шошқалар (шошқа еті) |
|||||
Қойлар, ешкілер (ет/жүн) |
|||||
Жылқы (жылқы еті) |
|||||
Түйе (түйе еті) |
|||||
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) |
|||||
Етті құс (құс еті) |
Қарағанды қаласының
тұрғындарына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
6 қосымша
Азық-түліктік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы
Малдардың түрi |
Өлшем бірлігі |
Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы |
Iрi қара мал |
Ай |
25 |
Қойлар мен ешкiлер |
Ай |
12 |
Шошқалар |
Ай |
10 |
Жылқылар |
Ай |
16 |
Түйелер |
Ай |
18 |
Жұмыртқалайтын құс |
Күн |
195 |
Етті құс |
Күн |
125 |
Қарағанды қаласының
тұрғындарына тұрғын үй
көмегін көрсету Ережесіне
7 қосымша
Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгі жеке нормативтік карточкасы
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. _______________________________________
облыс, аудан ____________________ үйiнiң мекенжайы ____________
Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi |
жер, сотка, мал басы, саны |
жылына түсетiн табыс нормативi, теңге |
жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге |
бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге |
Бидай |
||||
Арпа |
||||
Дәнi алынатын жүгерi |
||||
Күрiш |
||||
Қарамық |
||||
Картоп |
||||
Көкөністер |
||||
Бақшалар |
||||
Күнбағыс |
||||
Қант қызылшасы |
||||
Темекi |
||||
Шекiлдеуiк бақтары |
||||
Сүйектi жемiс бақтары |
||||
Жемiстер |
||||
Жүзiм |
||||
Көп жылдық шөп |
||||
Бiр жылдық шөп |
||||
Жасыл жемге берiлетiн жүгерi |
||||
Сүттi iрi қара мал |
||||
Еттi iрi қара мал |
||||
Шошқалар |
||||
Қойлар мен ешкілер |
||||
Жылқылар |
||||
Түйелер |
||||
Жұмыртқалайтын құс |
||||
Еттi құс |
||||
Жиыны: бiр жылғы табыс |
||||
Жиыны: бiр тоқсандағы табыс |
200__ж. "__" _________
Т.А.Ә. ____________________
_________________________________________
(Есепті жасаған тұлғаның Т.А.Ә. және қолы)