Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2012.04.16 N 32 (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 маусымдағы XXХIV сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 368 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-115 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 шілдедегі N 080 (684) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) толықтырулар енгізілсін:
1) Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік тілдегі кіріспесінде "және Қарағанды қаласының" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын;
Ереженің орыс тіліндегі кіріспесінде "порядок предоставления жилищной помощи" сөздерінен кейін "малообеспеченным" сөзімен толықтырылсын;
2) Ереженің мемлекеттік тілдегі 1 тармағының бірінші абзацындағы "Тұрғын үй көмегі" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын;
Ереженің орыс тіліндегі 1 тармағында "Жилищная помощь предоставляется" сөздерінен кейін "малообеспеченным" сөзімен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
IV шақырылған Қарағанды
қалалық мәслихатының
XLIII сессия төрағасы Ш. Осин
Қарағанды қалалық
мәслихатының хатшысы Қ. Бексұлтанов
Келісілді:
"Қарағанды қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ж. Ысқақов
23.12.2010 ж.