Қарағанды қаласының әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XXV сессиясының 2009 жылғы 28 қазандағы N 267 шешімі. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қарашада N 8-1-100 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XXХIV сессиясының 2010 жылғы 16 маусымдағы N 368 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.06.16 N 368 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қарағанды қаласының әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру қағидасы" бекітілсін.
      2. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 7  маусымдағы ХХХІІІ сессиясының "Қарағанды қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасын бекіту туралы" N 13 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 19 шілдеде N 8-1-35 болып тіркелген, 2006 жылғы 2 тамыздағы N 30 (146) "Взгляд на события" газетінде жарияланған).
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов).
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қазаннан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

      ІV шақырылған Қарағанды
      қалалық мәслихатының кезекті
      XХV сессиясының төрайымы                   Б. Көшерова

      Қарағанды қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ. Бексұлтанов

      Келісілді:

      "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            М. Құсаинова

Қарағанды қалалық мәслихатының
2009 жылғы 28 қазандағы N 267
шешімімен бекітілген

Қарағанды қаласының әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру қағидасы

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" N 512 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" N 710 қаулысына сәйкес әзірленді және Қарағанды қаласының азаматтарына тұрғын үй көмегін беру тәртібін анықтайды.

1. Негізгі ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну, сондай-ақ тұрғын үйді жалдау (жалға беру) бойынша төлем шығындарын қайтару үшін, телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы түрінде тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын топтарына берілетін әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
      2. Тұрғын үй көмегі Қарағанды қаласында тұрақты тұратын, бір үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе пайдаланушысы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын тұлғаларға, егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану ақысының шығындары өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданы нормасының шегінде болса, бірақ осы мақсаттарға жұмсалатын шығындардың мүмкіндік шегі деңгейінен асатын, отбасы бюджетіндегі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану сонымен қоса, телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы шығындарының нормативтері және нақты қолданыстағы жалпы ауданнан артпайтын болса беріледі. Отбасының тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану шығындарының мүмкіндік шегіндегі деңгейі отбасының жиынтық кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      3. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:
      1) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
      2) отбасы – бір мекенжайда бірге тұратын және тіркелген неке, туысқандық, балаларды асырап алу немесе тәрбиеге алудың басқа да түрлерінен шығатын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттермен байланысқан тұлғалар тобы;
      3) жиынтық табыс - тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құқықтарды анықтауда есепке алынатын табыс түрлерінің сомасы;
      4) уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін беретін "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);
      5) коммуналдық қызметтер – сумен қамтамасыз етуді, кәрізді, газбен қамтамасыз етуді, электрмен қамтамасыз етуді, жылумен қамтамасыз етуді, қоқыс жоюды, және лифтке қызмет көрсетуді қоса алғанда тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) көрсетілетін қызметтер;
      6) арнайы комиссия – тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тарту мәселелері бойынша шиеленісті, даулы немесе ерекше жағдайларды қарайтын, уәкілетті органның жанындағы комиссия.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау

      4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіппен береді:
      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы отбасының әр мүшесіне тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды;
      2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:
      бір адамға көлемді газ:
      нақты шығындар бойынша, орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етудің бар немесе жоқ болуына қарамастан, айына 8 килограмнан аспауы тиіс;
      баллон газын нақты шығындар бойынша, бірақ көлемді газды тұтыну бойынша айына бір адамға бекітілген нормативтен артық емес тұтыну (айына 8 килограмнан аспауы тиіс);
      нақты шығындар бойынша қатты отынды пайдалану:
      1985 жылға дейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына есептегенде) 161 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына есептегенде) 98 килограмм көмірден артық емес;
      1985 жылдан кейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына есептегенде) 125 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылыту маусымына есептегенде) 72 килограмм көмірден артық емес;
      жылыту маусымының ұзақтығы – 7 ай;
      тұрғын үй көмегін есептегенде, статистика органдарының мәліметтері бойынша Қарағанды қаласында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы қолданылсын;
      нақты шығындар бойынша, отбасының электроэнергияны тұтынуы:
      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 150 киловаттан;
      электр плитасымен жабдықталған үйлерде 250 киловаттан аспау керек;
      3) суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті, газды, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай, басқарудың заңды үлгісін рәсімдегендер) қызмет көрсетуді берушімен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді.
      5. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі.
      6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өтелуі тиіс.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау

      7. Тұрғын үй көмегін уәкілетті орган береді және тұрғылықты мекенжайы бойынша жеке тұлғаларға тағайындалады.
      8. Тұрғын үйдің (пәтерлер, үйлер) бір бірлігінен артық үйі бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға (жалдауға) беретін отбасылар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айрылады.
      9. Тұрғын үй көмегін алуға келесілердің құқығы жоқ:
      1) еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын адамдары бар отбасылар;
      2) жұмыс істемесе және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген болса, N 1 және N 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын адамдар;
      тұлғаларды есептемегенде:
      3) күтім қажет деп танылған мүгедектерге күтім жасайтындар;
      4) туберкулездік және психоневрологиялық диспансерлерде, емдік-профилакториялық мекемелерде бір айдан астам уақыт стационарлық немесе амбулаториялық емделудегі адамдар;
      5) үш жасқа дейінгі бір немесе одан да көп балалардың тәрбиесімен айналысатындар;
      6) кіші баласы бірінші сыныпты аяқтағанға дейін (9 жастан аспаған) төрт және одан да көп балалардың тәрбиесімен айналысатындар;
      7) кіші баласы 8 жасқа толғанға дейін өзіне және балаларына асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар.
      10. Құлықсыз өмір салтын ұстанатын, алкогольге немесе есірткіге тәуелді отбасы мүшелерімен сонымен қоса, 18 жасқа толмаған тұлғалармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иесі болып табылатын зейнеткерлер мен мүгедектерге, бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерде тұратынына қарамастан, тұрғын үй ауданының нормасы (18 шаршы метр) және бір адам үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үй көмегі беріледі.
      11. Ақпараттық - маркетингтік қызметпен айналысатын және жеке компанияның сауда белгісінің өнімін өткізуде сауда делдалдығын жүзеге асыратын адамдар салық басқармасында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлға ретінде немесе уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс не болмаса негізгі жұмыс орнынан анықтама ұсынуы тиіс.
      12. Даулы немесе қалыпсыз жағдайлар пайда болған кезде, тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесін шешу уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссия қарауына ұсынылуы мүмкін. Тұрғын үй көмегіне үміткер комиссия шешімімен келіспесе, сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар.
      13. Өтемақының артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған әдейі жалған мәліметтерді бергені үшін жалдаушы (меншік иесі) бір жылға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады, ал тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар заңнамамен белгіленген тәртіппен қайтарылуы тиіс.
      14. Тұрғын үй көмегі ақшалай немесе аударма түрінде беріледі. Аударма түрі - тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет төлемдерін тұрғын үй көмегінің сомасына тең соммада азайту болып табылады. Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі. Ақшалай түрі екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдар арқылы азаматтардың жеке есепшоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді.

4. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері мен мерзімділігі

      15. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, табыстар және осы тұрғын үйде отбасы құрамының тіркелуі жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен 6 ай мерзімге тағайындалады.
      16. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер ақысын төлеу отбасы шығындарының мүмкіндік шегіндегі деңгейі, коммуналдық қызметтер тарифтері өзгерген жағдайда, сәйкес өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.
      17. Жәрдемақы алу құқығын анықтау кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.
      18. Тұрғын үй көмегін алушыларға он күн ішінде өзінің меншікті тұрғын үйі, отбасы құрамы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер жөнінде уәкілетті органға хабарлау қажет.

5. Өтініш білдіру және тұрғын үй көмегін есептеу тәртібі

      19. Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш беруші уәкілетті органға немесе тұрғылықты жері бойынша "Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" ММ-не келесі құжаттарын ұсынады:
      1) тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш (1 қосымша);
      2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігі);
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      4) әлеуметтік жеке код;
      5) екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы ұлтттық банкінің лицензиясы бар ұйымда ашылған жеке шот;
      6) азаматтарды тіркеу кітабы;
      7) тұрғын үйге құқық белгілеу құжаттары (жекешелендіру шарты, ордер, сыйға тарту, сату-сатып алу, жалға алу (жалдау) шарты, мұра құқығы жөніндегі куәлік, тіркеу куәлігі, тұрғын үйге меншік құқығын белгілеу туралы сот шешімі, техникалық төлқұжат);
      8) отбасы мүшелерінің қызметі туралы деректер (еңбек кітапшасы, жұмыс орныннан анықтама, еңбек шарты, жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан анықтама тапсырады, жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлға ретінде салық басқармасында тіркелгендігі немесе тіркелмегендігі туралы анықтама, мүгедектік тобын белгілеу туралы анықтама);
      9) өтініш берушінің отбасылық жағдайын растайтын құжат: некеге тұру немесе некені бұзу куәлігі, қайтыс болғаны жөніндегі куәлік, жетпіс жастан асқан жалғыз басты адамдарды есептемегенде, азаматтық хал актілерін жазу бөлімшесінен N 4 формалы анықтама;
      10) тұрғын үйді ұстау шығындары жөніндегі анықтама, коммуналдық қызметтерді төлеу түбіртегі және телекоммуникация желісі қызметтерінің түбіртегі немесе шарт;
      11) отбасы мүшелерінің табыстары жөніндегі мәліметтер;
      12) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтың жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама, жылына бір рет ұсынылады (қажеттілік бойынша).
      Құжаттар тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.
      20. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша уәілетті орган бланкілер үлгісін (2, 3, 4 қосымшалар) толтырады және тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың жеке істері қалыптастырылады. Ай сайын тұрғын үй көмегінің есебі жүргізеді және өтініш иесіне өтініш жасауына қарай беріледі.
      21. Тапсырылған мәліметтердің нақтылығына күдік туған жағдайда, уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлға туралы қажетті ақпаратты сұрауға құқылы.
      22. Айлық тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй көмегін алушының өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалану, тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасы шығындарының мүмкіндік шегіндегі деңгейі мен қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненттеріне көтерілген тарифтер сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
      23. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтердің нақты есептелген төлемдер сомасы мен қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін көтерілген абоненттік төлемдер тарифтерінің сомасынан артпауы тиіс.
      24. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды қызмет көрсетушілер электрондық тасымалдаушыда немесе жеке тұлғалар қағаз тасымалдаушыларда (түбіртектерде) ұсынады.
      25. Қажет болған жағдайда, уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін жасауға құқылы.

6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері

      26. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізіледі.

7. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде жиынтық табысты есептеу тәртібі

      27. Отбасының жиынтық табысына тіркеу кітабына сәйкес отбасы құрамында есептелген барлық тұлғалардың тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсан алдындағы тоқсандағы табыстары енгізіледі.
      28. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсан мерзімінен кем жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыты есепке алынады.
      29. Есептеу кезеңінде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеуде келесі тоқсанның бірінші айынан бастап келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы есепке алынады (есепке алынбайды).
      30. Бір тоқсаннан аса төленуі тиіс табысты (еңбекақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақы) бір мезгілде алуда есептеу кезеңінде алынған табыстың барлық сомасы есепке алынады.
      31. Отбасының орташа айлық табысы отбасының тоқсандағы жиынтық табысын 3 айға бөлу жолымен есептеледі.

8. Отбасының жиынтық табысын есептегенде есепке алынатын табыс түрлері

      32. Отбасының жиынтық табысын есептегенде, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсан алдындағы тоқсанда нақты алынған ақшалай және заттай табыс түрлері есепке алынады:
      1) еңбекақы түріндегі табыс;
      2) зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдердің басқа да түрлері;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс;
      5) жиынтық табысты есептегенде ескерілетін басқа да табыс түрлері.
      33. Еңбекақы түріндегі есептелген сомалар:
      1) еңбекақының барлық түрлері, соның ішінде келісімдік, уақытша, сондай-ақ сыйақы, үстемақы, негізгі және қосымша жұмыс орны бойынша ақшалай және заттай қосымша ақы (қаржыландыру көздеріне тәуелсіз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жұмыскерлердің еңбекақысы сақталатын кезеңде заңнамаға сай оларға төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда);
      2) еңбек демалысы кезінде сақталатын еңбекақысы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төленетін ақшалай өтемақы;
      3) ұйымның (заңды тұлға) таратылу немесе жұмыс берушінің (жеке тұлға) қызметін тоқтату, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген көлемде жұмыскерлердің саны немесе штатының қысқару жағдайында жеке еңбек шартын бұзу кезінде төленетін өтемақылар;
      4) уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды атқару кезеңіндегі еңбекақысы;
      5) маусымдық жұмыстарға қамтылған жұмыскерлердің еңбекақысы алу кезінде отбасының жиынтық табысына есепке алынады. Еңбекақының болмау кезінде жиынтық табыс оны есепке алмай есептелінеді;
      6) сақтандыру агенттеріне және брокерлерге төленетін делдалдық сыйақы;
      7) еңбекақыны есептеуде есепке алынбайтын және ұйым қаражатын есебінен төленетін (оқу демалысының төлемі, авторлық гонорар, қарыз, несие, ашқан жаңалығы және тиімді ұсыныстары үшін сыйақы) төлемдердің басқа түрлері;
      8) отбасы құрамында есепке алынбайтындықтан, жедел қызметтегі, соның ішінде әскери-құрылыс отрядтарында қызмет атқарып жүрген әскери қызметкерлердің ақшалай үлесін қоспағанда, келісім-шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкерлер және ішкі істер органдарының саптағы және басшы құрамындағы тұлғалар, сондай-ақ оларға теңестірілген азаматтар санаттарының ақшалай үлесі үстемақы мен қосымша ақылары есепке алына отырып, отбасының жиынтық табысына енгізіледі;
      9) шет елде жұмыс істейтін және отбасы құрамында есепке алынған тұлғалардың жиынтық табысындағы еңбекақысы ұлттық және шет ел валютасында есепке алынады. Осы жағдайда шетел валютасында алынған табыс отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде Ұлттық банк белгілеген бағам бойынша ұлттық валютада есептелінеді;
      10) егер Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына жұмыс істеуге немесе оқуға келген және отбасы құрамында есепке алынған шет ел азаматымен некеге тіркелген болса, отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының азаматының табысынан және отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде Қазақстан Республикасында алынған ұлттық, сондай-ақ Ұлттық банк белгілеген бағам бойынша ұлттық валютада есептелінген шетел валютасында алынған шетел азаматының табысынан белгіленеді;
      11) авторлық гонорар (шарттар болмаған жағдайда), сондай-ақ ашқан жаңалығы және тиімді ұсыныстары үшін алған сыйақы гонорар сомасын 12 айға бөлуден алған үлес мөлшерінде отбасының жиынтық табысына ай сайын енгізіліп отырады;
      12) өтелген несие, қарыз сомасы жиынтық табысқа енгізіледі және оларды өтеу (бөлшектеп өтеу кезінде төленген сома және несие, қарыз беру мерзіміне сәйкес) сәтінен бастап несие беру мерзіміне бөлінеді;
      13) шарт жасамай, жекелеген азаматтарда жұмыспен қамтылған тұлғалардың жиынтық табысында олардың нақты еңбекақысы есепке алынады. Осы жағдайда еңбекақының заттай бөлігі нарық бағалары бойынша ақшалай баламада жиынтық табысқа енгізіледі. Еңбекақыны өтініш беруші ерікті түрде көрсетеді, бірақ заңнамамен бекітілген төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен емес;
      14) азаматтық-құқықтық шарттар (мердігерлік) бойынша жұмыс жасаушы тұлғалардың табысы шарт әрекетінің барлық кезеңі бойынша қосылады. Алынған табыс жұмыс жасау үшін шартта көрсетілген ай санына бөлінеді және есептеу кезеңіне сәйкес келетін айлар үшін жиынтық табыста есептелінеді;
      15) салық басқармасында тіркелген өздігінен жұмыспен қамтылған тұлғалардың жиынтық табысында олардың салық басқармасымен расталған анықтамадағы табысы есепке алынады;
      16) арнайы салық тәртібі жағдайында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың табыстары бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады;
      17) жұмыс берушінің кесірінен бос тұрып қалу уақытына ақы төлеусіз бір айдан артық уақыт жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдардың жиынтық табысын есептегенде өзі көрсеткен табысы ескеріледі.
      Еңбекақы түрінде алынған табыстар олардың мөлшері жөніндегі анықтамалармен расталады.
      34. Зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіпте тағайындалатын зейнетақының барлық түрлері және оларға өтемақылық төлемдер;
      2) мүгедектікке, асыраушысынан айрылу жағдайы және жас мөлшері бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
      3) арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
      4) жер асты және ашық тау-кен жұмыстарында, сондай-ақ аса зиянды және ауыр еңбек жағдайында жұмыс жасаған тұлғаларға арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
      5) төлем көздеріне тәуелсіз студенттерге, оқушыларға, аспиранттарға, докторанттарға, басқа оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін шәкіртақы. Орта білім беру жүйесінде оқитын, сондай-ақ жоғары және орташа арнайы білім беру орындарында күндізгі бөлімде ақылы негізде, шәкіртақы алмай оқитын студенттердің жиынтық табысына студенттің ерікті түрде көрсеткен табысы есептелінеді;
      6) уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша жәрдемақы (соның ішінде бала күтімі бойынша);
      7) жүктілік және босану бойынша жәрдемақы;
      8) жергілікті уәкілетті және атқарушы органдардың шешімі бойынша бюджеттен берілетін тұрақты төлемдер;
      9) жүріп-тұрысында қиындықтары бар 1 топ мүгедектері үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеу;
      10) алушының жазбаша өтініші бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін материалдық көмек және біржолғы төлемдер;
      11) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдер;
      12) жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдемақы;
      13) бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы.
      Әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыстар олардың мөлшері жөніндегі анықтамалармен расталады.
      35. Балаларға және асыраудағы басқа да адамдарға төленетін алимент түріндегі табыстар:
      1) алименттер, сондай-ақ алимент төлеушінің еңбекақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттердің қосымша сомалары оларды алу уақытына сай жиынтық табыста есептелінеді;
      2) ата-ананың арасындағы неке бұзылған кезде, ері (зайыбы) балаларға алимент төлеу жағдайында тұрғын үй көмегі тағайындалады. Алимент өндіруге қарсылық білдірілсе, отбасы жәрдемақы алу құқығынан айрылады;
      3) төлеуші жұмыс істемеген және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген, бас еркінен айыру орындарында немесе уақытша қамау орнында, емделуде немесе туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде, емдеу-еңбек профилакторийінде есепте тұрған, Қазақстан Республикасының тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрақты мекенжайға орналасуға кеткен немесе іздеу салынған жағдайда, отбасының жиынтық табысы тиісті органдар растайтын құжатттар қоса ұсынылған жазбаша өтініш негізінде есептелінеді;
      4) алимент бойынша қарыздар пайда болған жағдайда, жиынтық табыс алименттерді есепке алмай, сот орындаушысының қарыздар жөніндегі ұйғарымы қоса ұсынылып есептелінеді;
      5) егер ата-ана арасындағы неке бұзылмаса, бірақ ерлі-зайыпты адамдардың бірінен алимент өндірілген болса, осы ерлі-зайыпты адамның отбасымен бірге тұрса, жиынтық табыста оның табысы толық есепке алынады. Ерлі-зайыптылардың бөлек тұруы жағдайында, отбасының жиынтық табысында алименттер есепке алынады;
      6) қамқорлық ресімделген балаларға алимент төленбеген жағдайда (қамқорлық жөніндегі құжат), ата-анасынан алимент алу жөніндегі анықтаманы ұсынбай, жиынтық табыс есептелінеді;
      7) балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алименттер ұйымдардың алименттерді аударуы жөніндегі анықтамаларымен немесе алынған алименттер жөніндегі пошталық аударымдар түбіртегімен, сондай-ақ өндіру туралы сот органдарының шешімі қоса ұсынылып, жазбаша өтініш негізінде расталады.
      36. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыстар:
      1) ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру, мал және құс ұстау және өсіру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс (саябақ телімдерінен алынатын табысты есептемегенде) әр отбасы бойынша өтініш берушінің жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі және көлемі жөніндегі мәліметтері негізінде есептелінеді;
      2) жылдық жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысты осы қағиданың 5, 6, 7 қосымшалары негізінде уәкілетті орган есептейді;
      3) жердің бір сотығынан (бір бастан) өндірілетін өнім құны өсірілетін дақылдардың (қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнімділігі) орташа өнімділігін 5 қосымшаға сәйкес өнімнің 1 килограмм орташа бағасына көбейту жолымен анықталады;
      4) екі немесе одан да көп отбасылар қолданатын жеке қосалқы шаруашылықтан, сондай-ақ шаруа (ферма) қожалығынан алынатын табыстар осы шаруашылықта жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің санына пропорционал әр отбасы бойынша бөлініп есептелінеді;
      5) отбасының жиынтық табысында тоқсан ішінде жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс есептелінеді. Отбасының жиынтық табысында тоқсан ішінде жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысы жылдық жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысты төрт тоқсанға бөлу жолымен анықталады;
      6) табысты есептеу үшін Қарағанды облысының статистика басқармасының деректері негізінде Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынған Қарағанды облысында қалыптасқан өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері бойынша өткен жылғы орташа жылдық бағалар пайдаланылады;
      7) жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыстардың жеке нормативтік есептеу карточкасы өтініш берушінің мәліметтері негізінде отбасының жиынтық табысына есеп жүргізетін тұлға арқылы толтырылады.
      37. Жиынтық табысты есептегенде есепке алынатын басқа да табыстар:
      1) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын жалға беру;
      2) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын сату;
      3) жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын және басқа мүлікті сыйға беру, мұраға алу түрінде;
      4) салымдар және борыштық құнды қағаздарды ескере отырып, лоторея, ұтыс бойынша алынған заттай және (немесе) ақшалай түрдегі ұтыстар;
      5) туысқандар мен жақын адамдардың ақшалай және заттай көмегін (құндық түрде) қосқанда көрсетілетін табыстар;
      6) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын жалға беруден алынған ресми түрде расталмаған табыстар айына төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен есептелмейді;
      7) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын сатудан түскен табыс 12 айға бөлінеді және оның сәйкес бөлігі есептік кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа енгізіледі;
      8) басқа тұрғын үй (көлік құралын) сатып алған жағдайда, отбасының жиынтық табысында тұрғын үй (көлік құралын) сатқаннан түскен сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлік құралын) құны арасындағы айырмашылық есепке алынады;
      9) несие төлемдері отбасының жиынтық табысының 60 %-ынан асатын болса, төленген кредит сомалары. Жиынтық табысқа ай сайынғы төлем мөлшері мен отбасының жиынтық табысының 60 %-ы арасындағы айырмашылық ескеріледі.
      Көрсетілген табыстар алу уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтінішпен расталады.

9. Отбасының жиынтық табысын есептегенде ескерілмейтін табыс түрлері

      38. Отбасының жиынтық табысын есептегенде ескерілмейтін табыс түрлері:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) тұрғын үй көмегі;
      3) бала туғанда берілетін жәрдемақы;
      4) мемлекет бастамасымен (мерекелерге және мерейтойларға қарсы) көрсетілетін көмек;
      5) жеке ісін ашуға көрсетілетін көмек;
      6) негізгі азық-түлік тауарларына бағалардың қымбаттауына байланысты Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына көрсетілетін ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      7) 18 жасқа дейінгі баларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
      8) жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақы;
      9) отбасының бір мүшесі сол отбасында тұрмайтын адамға төлейтін алименттері;
      10) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протез жасатуына жолақысын төлеу;
      11) протез жасату кезінде азаматтарды асырау;
      12) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге жеңілдікпен жол жүруінің құны;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: емдік препараттар, санаторлық-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (әзірлеу және жөндеу), қозғалыс құралдары (кресло-арба) және мүгедектерге берілетін оңалтудың өзге де құралдары, оқу кезінде оқушыларға берілетін тегін ас түрінде көрсетілетін көмектің заттай түрлері;
      14) ақшалай және заттай түрде (бағалы құны) көрсетілетін қайырымдылық көмегі;
      15) төтенше жағдайлардың салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу үшін көрсетілген біржолғы көмек;
      16) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін, мүгедектерге арнайы көлікте қызмет көрсетуге материалдық (әлеуметтік) көмек;
      17) мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;
      18) азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге әлеуметтік жолақы билетінің құны түрінде берілетін әлеуметтік көмек;
      19) үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға төленетін материалдық қамсыздандыру;
      20) бөгде адамның көмегіне мұқтаж бірінші, екінші топтағы жалғызбасты мүгедектердің күтіміне қосымша үстемақы.

Қарағанды қаласының әлеуметтік
тұрғыдан қорғалатын азаматтарына
тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер
ақысын төлеу, телекоммуникация қызметтерін
көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифінің
көтерілуіне өтемақы төлеу үшін тұрғын үй
көмегін беру қағидасына 1 қосымша

Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы
өтініш

      Өтініш берушіні есепке алғанда,________адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді пайдалану, тұрғын үйді жалға алу (жалға беру), сондай-ақ қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты жұмсалатын шығындардың орнын толтыру үшін жәрдемақы тағайындауыңызды сұраймын.
      Мен және менің отбасымның мүшелері табысы жөніндегі мәліметтерді беруге келісім білдіргеніміздің дәлелі ретінде заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты жариялауға өз рұқсатымызды береміз.
      Маған тұрғын үй көмегінің артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеліп соқтыратын көрінеу жалған мәліметтерді бергені үшін өтініш иесі бір жылға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылатыны, ал тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылуы тиіс екендігі туралы ескертілді.
      Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 бабының 1 тармағына және 325 бабының 3 тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жүктелетін жауапкершілік туралы ескертілдім.

Өтініш берушінің деректері:
Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________________
Жеке куәлік деректері___________________________ берілген
      (өтініш берушінің туған күні, N және куәліктің уақыты)

СТН_________________________________________________
ӘЖК________________________________________________________

Отбасының өтініш беру тоқсанының алдындағы тоқсандағы жиынтық табысының орташа айлық мөлшері_____________________________

Өтініште көрсетілген табыстардан басқа табыстар жоқ.
Тұрғылықты жері_________________ ______________ көшесі

_____ үй ___________ пәтер телефон_______________

тиістілік_______________________ түрі ___________________
      (пәтер иелері кооперативі)      (жеке, мемлекеттік)

Жалпы ауданы ______шаршы метр.
Қосымша аудан _____ шаршы метр.
Бөлме саны________
Әлеуметтік мәртебе____________ отбасылық жағдай ___________

Қызмет берушілерге тұрғын үй көмегін аударуға келісім беремін.

Меншігімде бір тұрғын үй бар.

Өтініш берушінің қолы __________________
Күні __________________________________

Қарағанды қаласының әлеуметтік
тұрғыдан қорғалатын азаматтарына
тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер
ақысын төлеу, телекоммуникация қызметтерін
көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифінің
көтерілуіне өтемақы төлеу үшін тұрғын үй
көмегін беру қағидасына 2 қосымша

Отбасы құрамы мен тұрғын үй алаңының жалпы ауданы туралы анықтама

Азамат (ша)_____________________________________________
оның:___________ көшесі (шағынаудан) ________ үй______пәтер__________ мекенжайы бойынша тұратындығын растау үшін берілді.
Отбасы құрамы__________________ адам.
Тұратын алаңы__________ шаршы метр.
Пәтерге (үйге) құқығын белгілейтін құжат N________ _____________
____________________________________________________

Тұрғын үй иесімен бірге келесі адамдар тұрады:

Т.А.Ә.

Туған жылы

Туыстығы

Қай уақыттан бері тұрады

















































Анықтама азаматтарды тіркеу кітабының негізінде толтырылды

Маманның қолы______________________
Қабылдау мерзімі_____________________

Қарағанды қаласының әлеуметтік
тұрғыдан қорғалатын азаматтарына
тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер
ақысын төлеу, телекоммуникация қызметтерін
көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифінің
көтерілуіне өтемақы төлеу үшін тұрғын үй
көмегін беру қағидасына 3 қосымша

Отбасының барлық мүшелерінің кірістері туралы
анықтама

1. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________

Айы

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Кірістің түрі













Кірістің сомасы













2. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________

Айы

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Кірістің түрі













Кірістің сомасы













3. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________

Айы

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Кірістің түрі













Кірістің сомасы













Өтініш берушінің қолы __________________
Күні ______________________________

Қарағанды қаласының әлеуметтік
тұрғыдан қорғалатын азаматтарына
тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер
ақысын төлеу, телекоммуникация қызметтерін
көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифінің
көтерілуіне өтемақы төлеу үшін тұрғын үй
көмегін беру қағидасына 4 қосымша

200 __ жылғы ____________ бойынша тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары
анықтама

Төлеуші ______________________________________________________
                  (пәтер иесінің (жалдаушы) Т.А.Ә.)

Мекенжайы____________________________________________________
Жалпы ауданы_______________шаршы метр.
Бөлме саны_________________
Үйдің жалпы сипаттамасы__________________________________________
          (жалпы немесе болондық газ, ыстық сумен қамтамасыз ету)

Төлем түрлері

Қызмет саны

Жеке шоттың нөмірі

1. Тұрғын үйді ұстау шығындары (ПИК, ПИТК)



2. Жылыту жүйесі



3. Ыстық су



4. Суық су



5. Кәріз



6. Электр энергиясымен қамтамасыз ету



7. Газ



8. Қоқыс шығару



9. Телефонға абоненттік төлем



Маманның қолы_____________________________
Қабылданған күні____________________________

Қарағанды қаласының әлеуметтік
тұрғыдан қорғалатын азаматтарына
тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер
ақысын төлеу, телекоммуникация қызметтерін
көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифінің
көтерілуіне өтемақы төлеу үшін тұрғын үй
көмегін беру қағидасына 5 қосымша

Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк
карточкасы

Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, килограмм

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған х 4 бағанға)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 бaған - 3 баған)

1

2

3

4

5

6

Бидай






Арпа






Қарамық






Жүгерi






Көп жылдық шөптер






Бiр жылдық шөптер






Картоп






Көкөнiстер






Бақшалар






Шекілдеуiк бақтары






Сүйектi жемiс бақтары






Жидек дақылдары






Жүзім






Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, килограмм (литр)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң, (1 литр, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған x 4 бағанға)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 баған – 3 баған)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал (сүт)






Eтті iрi қара мал (сиыр еті)






Шошқалар (шошқа еті)






Қойлар, ешкілер (ет/жүн)






Жылқы (жылқы еті)






Түйе (түйе еті)






Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)






Етті құс (құс еті)






Қарағанды қаласының әлеуметтік
тұрғыдан қорғалатын азаматтарына
тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер
ақысын төлеу, телекоммуникация қызметтерін
көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифінің
көтерілуіне өтемақы төлеу үшін тұрғын үй
көмегін беру қағидасына 6 қосымша

Азық-түліктік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы

Малдардың түрi

Өлшем бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

Ай

25

Қойлар мен ешкiлер

Ай

12

Шошқалар

Ай

10

Жылқылар

Ай

16

Түйелер

Ай

18

Жұмыртқалайтын құс

Күн

195

Етті құс

Күн

125

Қарағанды қаласының әлеуметтік
тұрғыдан қорғалатын азаматтарына
тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер
ақысын төлеу, телекоммуникация қызметтерін
көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифінің
көтерілуіне өтемақы төлеу үшін тұрғын үй
көмегін беру қағидасына 7 қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгі жеке нормативтік карточкасы

Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. _______________________________________

облыс, аудан _____________________ үйiнiң мекенжайы ____________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер, сотка, мал басы, саны

жылына түсетiн табыс нормативi, теңге

жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге

бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекi





Шекiлдеуiк бақтары





Сүйектi жемiс бақтары





Жемiстер





Жүзiм





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс





Жиыны: бiр тоқсандағы табыс





200__ ж. "__"_________
Т.А.Ә. _________________________
_______________________________________
(Есепті жасаған тұлғаның Т.А.Ә. және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады