Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XLVIII сессиясының 2011.05.11 N 496 шешімімен (ресми жарияланғаннан күнінен кейін 2011.07.01 бастап қолданылады).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабының 4 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы XXVIII сессиясының "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" N 301 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-107 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 140 (604) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) өзгерту мен толықтыру енгізілсін:
1) 1 тармақтағы "2010 жылға" сөздерінен кейін "және 2011 жылғы бірінші тоқсанына" сөздерімен толықтырылсын;
2) 3 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
ІV шақырылған Қарағанды
қалалық мәслихатының кезекті
XLIII сессия төрағасы Ш. Осин
Қарағанды қалалық
мәслихатының хатшысы Қ. Бексұлтанов
Келісілді:
"Қарағанды қаласының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Д. Жекебаев
23.12.2010 ж.