Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала iшiндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XXVIII сессиясының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 301 шешімі. Қарағанды қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 желтоқсанда N 8-1-107 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XLVIII сессиясының 2011 жылғы 11 мамырдағы N 496 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XLVIII сессиясының 2011.05.11 N 496 шешімімен (ресми жарияланғаннан күнінен кейін 2011.07.01 бастап қолданылады).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды қаласы оқушыларының келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру 2010 жылға, 2011 жылғы бірінші және екінші тоқсандарына белгіленсін:
      1) Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарының бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – тегін жүру (2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі және 2011 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін жаз мезгілін алып тастағанда);
      2) жалпы білім беретін оқу орындарының, кәсіптік лицейлердің тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларына, колледждердің оқушыларына (тоғызыншы сыныптың негізінде біріншіден екінші курсқа дейін) оқушының жол жүру билетін сатып алғанда немесе қазіргі тарифтің 50 % төлеген жағдайда (2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі және 2011 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін жаз мезгілін алып тастағанда);
      3) барлық меншік түріндегі кәсіптік лицейлерде, колледждерде (он бірінші сыныптың негізінде) және жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу нысанында оқитын тұлғаларға жол жүру билетін сатып алғанда немесе қазіргі тарифтің 50 % төлеген жағдайда (2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі және 2011 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін жаз мезгілін алып тастағанда).
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.23 N 441 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.03.30 N 482 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      2. Барлық меншік түріндегі Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарында, кәсіптік лицейлерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу нысанында оқитындардың келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге жеңілдіктер 2010 жылдың жаз мезгілінде (1 маусымнан 31 тамызға дейін) және 2011 жылға (1 маусымнан 30 маусымға) сақталсын:
      1) жетім балаларға;
      2) ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға;
      3) дамуында мүмкіндігі шектелген балаларға;
      4) жасынан мүгедек және мүгедек балаларға;
      5) көп балалы отбасы балаларына;
      6) ата-анасының бірінен айрылған балаларға;
      7) жалғыз басты аналар балаларына.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - 2011.03.30 N 482 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.23 N 441 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы ХVІ сессиясының "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы" N 184 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-85 болып тіркелген, 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 134 (463) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 сәуірдегі ХХІІ сессиясының "Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсанындағы "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы" N 184 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" N 215 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-92 болып тіркелген, 2009 жылғы 1 маусымдағы N 055 (519) "Взгляд на события" газетінде жарияланған).
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы – Асхат Қанатұлы Аймағамбетов) жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

      ІV шақырылған
      Қарағанды қалалық мәслихатының
      кезекті XХVІІІ сессиясының
      төрағасы                                   Ж. Мұхтаров

      Қарағанды қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ. Бексұлтанов

      Келісілді:

      "Қарағанды қаласының білім бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ж. Жылбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады