Күндізгі оқу нысанында оқитын білім алушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 2011 жылдың үшінші және төртінші тоқсандарында жеңілдікпен жол жүруі туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XLVIII сессиясының 2011 жылғы 11 мамырдағы N 496 шешімі. Қарағанды қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 мамырда N 8-1-134 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған I сессиясының 2012 жылғы 24 қаңтардағы N 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған I сессиясының 2012.01.24 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6 бабы 4) тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды қаласы білім алушыларының келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 2011 жылдың үшінші және төртінші тоқсандарында жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
      1) Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарының бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі білім алушыларын қосып алғанда – тегін жүру (2011 жылдың 01 шілдесінен 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін есептемегенде);
      2) жалпы білім беретін оқу орындарының тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі білім алушыларына, кәсіптік лицейлер мен колледждердің білім алушыларына (тоғызыншы сынып негізінде бірінші курстан екінші курсқа дейін), оқушының белгілі күнтізбелік мерзімге арналған ұзақ мерзімді пайдаланудағы жол жүру билетін сатып алумен немесе қазіргі тарифтің 50 % төлеумен (2011 жылдың 01 шілдесінен 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін есептемегенде);
      3) барлық меншік түріндегі кәсіптік лицейлерде, колледждер (он бірінші сыныптардың негізінде) мен жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінде білім алушыларға белгілі күнтізбелік мерзімге арналған ұзақ мерзімді пайдаланудағы жол жүру билетін сатып алумен немесе қазіргі тарифтің 50 % төлеумен (2011 жылдың 01 шілдесінен 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін есептемегенде).
      2. Барлық меншік түріндегі Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарында, кәсіптік лицейлерде, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінде білім алушылардың келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге жеңілдіктер жаз мезгілінде (2011 жылдың 01 шілдесінен 31 тамызға дейін) сақталсын:
      1) жетім балаларға;
      2) ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға;
      3) дамуында мүмкіндігі шектелген балаларға;
      4) жасынан мүгедек және мүгедек балаларға;
      5) көп балалы отбасы балаларына;
      6) ата-анасының бірінен айрылған балаларға;
      7) жалғыз басты аналар балаларына.
      3. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
      1) IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы XXVIII сессиясының "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" N 301 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-107 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 140 (604) "Взгляд на события" газетінде жарияланған);
      2) IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы XLIII сессиясының "IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы XXVIII сессиясының "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" N 301 шешіміне өзгерту мен толықтыру енгізу туралы" N 441 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-123 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 147 (751) "Взгляд на события" газетінде жарияланған);
      3) IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы XLVII сессиясының "IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы XXVIII сессиясының "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" N 301 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 482 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-132 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 сәуірдегі N 049 (801) "Взгляд на события" газетінде жарияланған).
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов) жүктелсін.
      5. Осы шешім оның ресми жарияланғаннан күнінен кейін 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданылады.

      IV шақырылған Қарағанды
      қалалық мәслихатының кезекті
      XLVIII сессия төрағасы                     А. Шульц

      Қарағанды қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ. Бексұлтанов

      Келісілді:

      "Қарағанды қаласының білім бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Д. Жекебаев
      13.05.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады