Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010.12.28 N 30/02 қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында Жезқазған қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылы жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолайлы жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.
3. Ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылатын жұмыссыздардың еңбекақы төлемі 2010 жылға белгіленген ең төменгі айлық еңбекақыдан төмен емес мөлшерде, нақты орындалған жұмысы үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
4. "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
халықты, сондай-ақ қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарын қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі және олардың төлеу тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.
5. "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 901/12 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 8-2-75 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 16 қаңтарындағы N 5 "Сарыарқа" газетінде және 2009 жылдың 16 қаңтарындағы N 2 "Жезказганская правда" газетінде жарияланған), "Жезқазған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 901/12 "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 11/28 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 8-2-88 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 3 маусымындағы N 60 "Сарыарқа" газетінде және 2009 жылдың 3 маусымындағы N 39 "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) Жезқазған қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкiмiнiң орынбасары С. Ғабдулуахитовке жүктелсiн.
7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі Қ. Балмағамбетов
Жезқазған қаласы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 14 қаңтардағы
N 01/01 қаулысымен бекiтiлді
2010 жылы жұмыссыздар үшiн ақылы қоғамдық жұмыстар
ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі
р/с N |
Кәсіпорындардың, ұйымдардың атауы |
Саны, адам |
Жұмыстардың түрлері |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
"Жезқазған қаласы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттік мекемесі |
40 |
Қоғамдық науқанды ұйымдастыруға және өткізуге көмек, халықпен жұмыс жүргізуге қатысу |
2. |
"Кеңгір селосы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттік мекемесі |
40 |
Көгалдандыру, абаттандыру және аумақты қоқыстан және қардан экологиялық тазалау |
3. |
"Талап селосы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттік мекемесі |
40 |
Көгалдандыру, абаттандыру және аумақты қоқыстан және қардан экологиялық тазалау |
4. |
"Малшыбай селосы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттік мекемесі |
10 |
Көгалдандыру, абаттандыру және аумақты қоқыстан және қардан экологиялық тазалау |
5. |
"Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
30 |
Қазақстан Республикасы қарулы күштеріне шақыру бойынша шақыру қағазын ресімдеуге және жеткізуге, әскерге шақырылғандардың деректер банкін ілестіруге көмек |
6. |
"Жезқазған қаласы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
40 |
Салықты жинау бойынша хабарламаларды ресімдеуге және таратуға көмек, халықпен жұмыс жүргізуге қатысу |
7. |
"Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
10 |
Мектеп және мектепке дейінгі мекемелердегі балалармен жұмыс жүргізуге көмек (қоғамдық тәрбиешілер, репетитор) |
8. |
"Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
100 |
Әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санаттарының деректер қорын ілестіру және енгізу бойынша техникалық жұмыстар жүргізуге көмек көрсету, ауылшаруашылығы жұмыстарын ұйымдастыру |
9. |
"Жезқазған қаласының әдiлет басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
40 |
Халықты құжаттандыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету |
10. |
"Жезқазған қаласының iшкi iстер басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
50 |
Құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету |
11. |
Қарағанды облысы Соттар әкімшісінің Жезқазған аумақтық сот орындаушыларының бөлімі |
10 |
Құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету |
12. |
Жезқазған қаласының статистика басқармасы |
10 |
Құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету |
13. |
Жезқазған қаласы Әкімдігі Жезқазған қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің "Қалалық автокөлік жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
40 |
Көгалдандыру, абаттандыру және аумақты қоқыстан және қардан экологиялық тазалау |
14. |
Қарағанды облысы Жезқазған қалалық соты |
10 |
Құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету |
15. |
"Жезқазған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
5 |
Құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету |
16. |
"Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
5 |
Құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету |
17. |
"Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
30 |
Құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету |