2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 901/12 қаулысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 қаңтарда N 8-2-75 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы N 01/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010.01.14 N 01/01 қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында Жезқазған қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылы жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі бекітілсін.
      2. "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2009 жылы қолайлы жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.
      3. Ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылатын жұмыссыздардың еңбекақы төлемі 2009 жылғы белгіленген ең төменгі еңбекақыдан төмен емес айлық еңбекақы мөлшерінде нақты орындалған жұмысқа жергілікті бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiлсiн.
      4. "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      халықты, сондай-ақ қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарын қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуы, өткізілуі және олардың төлем ережесі туралы хабардар етуді қамтамсыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкiмiнiң орынбасары Станислав Валентинович Филиповичке жүктелсiн.
      6. Осы қаулы ресми жариаланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкiмi                                 Қ. Балмағамбетов

Жезқазған қаласы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 25 желтоқсандағы
N 901/12 қаулысымен бекiтiлді

2009 жылы жұмыссыздар үшiн ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі

      Ескерту. Тізімге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009.04.28 N 11/28 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

р/с

N

Кәсіпорындардың, ұйымдардың атауы

Саны,
адам

Жұмыстардың түрлері

1

2

3

4

1.

"Жезқазған қаласы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттік мекемесі

50

Қоғамдық науқанды ұйымдастыру және өткізуге, халық және басқалармен жұмыстарға қатысуға көмек

2.

"Кеңгір селосы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттік мекемесі

50

Көгалдандыру, аббаттандыру және аумақты қоқыстан және қардан экологиялық тазалау

3.

"Талап селосы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттік мекемесі

40

Көгалдандыру, аббаттандыру және аумақты қоқыстан және қардан экологиялық тазалау

4.

"Малшыбай селосы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттік мекемесі

10

Көгалдандыру, аббаттандыру және аумақты қоқыстан және қардан экологиялық тазалау

5.

"Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі

30

Қазақстан Республикасы қарулы күштеріне шақыру қағазын рәсімдеу және жеткізуде, әскерге шақырылғандардың деректер банкін ілестіруге көмек

6.

"Жезқазған қаласы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі

35

Салық төлемдерін жинау хабарламаларын дайындап таратуға және халықпен жұмыс жүргізуге көмек

7.

"Жезқазған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

20

Мектеп және мектепке дейінгі мекемелердегі балалармен жұмыс жүргізуге көмек (қоғамдық тәрбиеші, репетитор)

8.

"Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

110

Әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санаттарының деректер қорын ілестіру және жүргізуге көмек көрсету, ауылшаруашылығы жұмыстарын ұйымдастыру

9.

Жезқазған қаласының әдiлет басқармасы

20

Халықты құжаттандыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету

10.

"Жезқазған қаласының iшкi iстер басқармасы" мемлекеттік мекемесі

50

Құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге және құқық бұзушылықтардың профилактикасына көмек көрсету

11.

Жезқазған аумақтық сот орындаушыларының бөлімі

10

Құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету

12.

Жезқазған қаласының статистика бөлімі

10

Халық санағын ұйымдастыру және жүргізу жұмыстарына көмек көрсету мен құжаттарды реттеуге көмек

13.

"Жезқазған қалалық автокөлік жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

45

Көгалдандыру, аббаттандыру және аумақты қоқыстан және қардан экологиялық тазалау

14.

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық соты

10

Құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету

15.

"Қазақавтожол" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды облыстық филиалы ЖПУ-44

10

Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының жол бойы бөлігіндегі қоқысты тазалау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады