Жезқазған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 901/12 "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 11/28 қаулысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 мамырда N 8-2-88 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы N 01/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010.01.14 N 01/01 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жезқазған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 901/12 "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2009 жылғы 14 қаңтарында N 8-2-75 тіркелген, "Сарыарқа" газетінің 2009 жылғы 16 қаңтарында N 5, "Жезказганская правда" газетінің 2009 жылғы 16 қаңтарында N 2 жарияланған), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген "2009 жылы жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі" қосымшасында:
      реттік нөмірі 8 жолдың 3-бағанындағы "160" деген сандар "110" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 10 жолдың 3-бағанындағы "10" деген сандар "50" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 10 жолдың 4-бағанындағы "құжаттарды реттеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге" деген сөздерінен кейін "және құқық бұзушылықтардың профилактикасына" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15 жолмен толықтырылсын:

15.

"Қазақавтожол" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды облыстық филиалы ЖПУ-44

10

Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының жол бойы бөлігіндегі қоқысты тазалау

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.В. Филиповичке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі                  Қ. Балмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады