Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010.04.16 N 28/6 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi "Бiлiм туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабы 4 тармақшасына сәйкес Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
1. Теміртау қаласының келесi санаттағы оқушыларына 2010 жылы қала iшiндегi қоғамдық көлiктерде (таксиден басқа) жүрулеріне жеңiлдiк белгiленсiн:
1) Теміртау қаласының жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының бiрiншi сыныптан сегiзiншi сыныпқа дейiнгi сынып оқушыларына (жазғы кезеңді 2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызға дейiнгi аралықты есептемегенде) тегін жол жүру;
2) жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының, кәсіби лицейлердің тоғызыншы сыныптан он бiрiншi сыныпқа дейiнгi сынып оқушыларына, колледждер оқушыларына (тоғызыншы сынып базасында оқитындарға бірінші және екінші курс оқушыларына) тиісті тарифтің 50% төлеу (жазғы кезеңді 2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызға дейiнгi аралықты есептемегенде);
3) кәсіби лицейлерде, колледждерде (он бiрiншi сынып базасында оқитын) және меншіктің барлық түріндегі жоғары оқу орындарының күндiз оқитын тұлғаларына тиісті тарифтің 50% төлеу (жазғы кезеңді 2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызға дейiнгi аралықты есептемегенде).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Владимир Павлович Дмитриев).
3. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енеді.
Мәслихат хатшысы А. Аркатов
КЕЛІСІЛДІ
"Теміртау қаласының білім беру,
дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А.Д. Ахметов
06 қаңтар 2010 жыл