Күндiзгi білім беру ұйымдарының оқушыларына қала ішіндегі қоғамдық көлiктерде (таксиден басқа) жол жүрулеріне жеңiлдiк беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 28/6 шешімі. Қарағанды облысы Теміртау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 мамырда N 8-3-104 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Теміртау қаласы мәслихаты аппаратының 2011 жылғы 26 сәуірдегі N 5-24/185 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Теміртау қаласы мәслихаты аппаратының 2011.04.26 N 5-24/185 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi "Бiлiм туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабы 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келтіру мақсатында, Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Теміртау қаласының келесi санаттағы оқушыларына 2010 жылы қала iшiндегi қоғамдық көлiктерде (таксиден басқа) жүрулеріне жеңiлдiк белгiленсiн:
      1) Теміртау қаласының жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының бiрiншi сыныптан сегiзiншi сыныпқа дейiнгi сынып оқушыларына (жазғы кезеңді 2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызға дейiнгi аралықты есептемегенде) тегін жол жүру;
      2) жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының, кәсібі лицейлердің тоғызыншы сыныптан он бiрiншi сыныпқа дейiнгi сынып оқушыларына, колледждер оқушыларына (тоғызыншы сынып базасында оқитындарға, бірінші және екінші курс оқушыларына) тиісті тарифтің 50 % төлеу (жазғы кезеңді 2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызға дейiнгi аралықты есептемегенде);
      3) кәсіби лицейлерде, колледждерде (он бiрiншi сынып базасында оқитын) және меншіктің барлық түріндегі жоғарғы оқу орындарының күндiз оқитын тұлғаларына тиісті тарифтің 50 % төлеу (жазғы кезеңді 2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызға дейiнгi аралықты есептемегенде).
      2. Теміртау қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 24/4 "Күндiзгi білім беру ұйымдарының оқушыларына қала ішіндегі қоғамдық көлiктерде (таксиден басқа) жол жүрулеріне жеңiлдiк беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-3-92 тіркелген, "Теміртау" газетінің 2010 жылдың 24 ақпандағы N 8, "Зеркало" газетінің 2010 жылғы 17 ақпандағы N 7 жарияланған) шешімі күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Владимир Павлович Дмитриев).
      4. Осы шешім оны ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            Н. Жұманов

      Мәслихат хатшысы                           А. Аркатов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының білім беру,
      дене шынықтыру және спорт бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      А.Д. Ахметов
      22 сәуір 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады