Күндізгі білім беру ұйымдарының оқушыларына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүрулеріне жеңілдік беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 05 қаңтардағы N 24/4 шешімі. Қарағанды облысы Теміртау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 05 ақпанда N 8-3-92 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 28/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2010.04.16 N 28/6 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi "Бiлiм туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабы 4 тармақшасына сәйкес Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Теміртау қаласының келесi санаттағы оқушыларына 2010 жылы қала iшiндегi қоғамдық көлiктерде (таксиден басқа) жүрулеріне жеңiлдiк белгiленсiн:
      1) Теміртау қаласының жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының бiрiншi сыныптан сегiзiншi сыныпқа дейiнгi сынып оқушыларына (жазғы кезеңді 2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызға дейiнгi аралықты есептемегенде) тегін жол жүру;
      2) жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының, кәсіби лицейлердің тоғызыншы сыныптан он бiрiншi сыныпқа дейiнгi сынып оқушыларына, колледждер оқушыларына (тоғызыншы сынып базасында оқитындарға бірінші және екінші курс оқушыларына) тиісті тарифтің 50% төлеу (жазғы кезеңді 2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызға дейiнгi аралықты есептемегенде);
      3) кәсіби лицейлерде, колледждерде (он бiрiншi сынып базасында оқитын) және меншіктің барлық түріндегі жоғары оқу орындарының күндiз оқитын тұлғаларына тиісті тарифтің 50% төлеу (жазғы кезеңді 2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызға дейiнгi аралықты есептемегенде).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Владимир Павлович Дмитриев).
      3. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енеді.

      Мәслихат хатшысы                           А. Аркатов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының білім беру,
      дене шынықтыру және спорт бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      А.Д. Ахметов
      06 қаңтар 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады