Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, қалалық ономастикалық комиссиясының шешімінің негізінде, Парковый тұйық көшесі тұрғындарының пікірлерін ескеріп, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Балқаш қаласының Құрметті азаматы Төлендинов Жазбек Сәтімбекұлының зор еңбегін ескере отырып қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТТІ және қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Парковый тұйық көшесінің аты өзгертілсін және оған Ж. Төлендиновтың аты берілсін.
2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.С. Жарылғапқа және қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Қала әкімі Қ. Тейлянов
Сессия төрайымы Р. Қойбағарова
Қалалық мәслихат хатшысы И. Сторожко