Парковый тұйық көшесінің атын өзгерту және оған Ж. Төлендиновтің атын беру туралы

Жаңа

Бірлескен Қарағанды облысы Балқаш қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 21 қазандағы N 35/02 қаулысы және Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы 39/306 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қаңтарда N 8-4-214 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, қалалық ономастикалық комиссиясының шешімінің негізінде, Парковый тұйық көшесі тұрғындарының пікірлерін ескеріп, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Балқаш қаласының Құрметті азаматы Төлендинов Жазбек Сәтімбекұлының зор еңбегін ескере отырып қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТТІ және қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Парковый тұйық көшесінің аты өзгертілсін және оған Ж. Төлендиновтың аты берілсін.
      2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.С. Жарылғапқа және қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Қала әкімі                                 Қ. Тейлянов

      Сессия төрайымы                            Р. Қойбағарова

      Қалалық мәслихат хатшысы                   И. Сторожко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады