РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына, "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулысына сәйкес, тұтынушылардың қажеттілігін тауарлармен қанағаттандыру мақсатында, Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Сәтбаев қаласының аумағында көшпелі сауданы жүргізу үшін арнайы орындар белгіленсін.
2. "Сәтбаев қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Бәкірова Г.Е.), "Сәтбаев қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Қараторғаева Л.Н.) белгіленген тәртіпте көшпелі сауда орындарының өлшемі мен шегі белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары А.А. Кимге жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күн түзбелік он күн өткен сон күшіне енеді.
Сәтбаев қаласының әкімі | С.Т. Медебаев |
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2010 ж. 3 қыркүйек N 20/02 қаулысына қосымша |
Сәтбаев қаласының аумағында көшпелі сауданы жүргізу үшін арнайы орындар
N | Дислокация орны | Сату әдістері |
Сәтбаев даңғылы | ||
1 | "Кеншілер алаңы" | Балмұздақ, салқын сусын (шатыр) |
2 | "Кеншілер алаңы" | Балмұздақ (шатыр) |
3 | "Кеншілер алаңы" | Балмұздақ (шатыр) |
4 | "Кеншілер алаңы" | Балмұздақ, салқын сусын (шатыр) |
5 | "Кеншілер алаңы" | Балмұздақ, салқын сусын (шатыр) |
6 | "Кеншілер алаңы" | Балмұздақ (шатыр) |
7 | "Кеншілер алаңы" | Қымыз (киіз үй) |
Комаров көшесі | ||
1 | "Топаз" сауықжайының аймағы | Жазғы сауықжай (шатыр) |
2 | "Салтанат" дүкенінің аймағы | Тәтті мақта, поп корн (шатыр) |
Тәуелсіздік даңғылы | ||
1 | "Алма Ата+" сауда үйінің аймағы | Жазғы сауықжай (шатыр) |
2 | "Алма Ата+" сауда үйінің аймағы | Салқын сусын (шатыр) |
3 | "Алма Ата+" сауда үйінің аймағы | Балмұздақ (шатыр) |
4 | "Кооператор" дүкенінің аймағы | Самса |