Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 05/04 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының негізінде Сәтбаев қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 01/09 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-95 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 7 (1768) нөмірінде жарияланған);
      2) 2014 жылғы 18 қарашадағы № 21/1 "Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесі туралы" 2010 жылғы 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 01/09 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2877 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 33 (2171) нөмірінде жарияланған);
      3) 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 20/02 "Көшпелі сауданы жүргізу үшін орындар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-106 болып, тіркелген, "Шарайна" газетінің 2010 жылғы 1 қазандағы № 78 нөмірінде жарияланған.)
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының жетекшісі А.С. Нысанбаевқа жүктелсін.
      Сәтбаев қаласы әкімінің
Міндетін атқарушы
А.А. Ыдырысов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады