Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2012.02.02 N 04а/01 (алғаш ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 18-1 баптарына сәйкес нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" N 2162 қаулысын басшылыққа алып қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің қоса берілген қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Республикалық бюджет қаражаты есебінен бір қатысушыға - 20 000 теңге орташа айлық аударымдар мөлшері бекітілсін, жұмыс берушінің 50 пайыздық салымын ескере отырып, қатысушының орташа жалақысы айына 40 мың теңгені құрайды.
3. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Тұңғышбаева К.О.) қала кәсіпорындарымен бірлесіп жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген нысаналы топтардың жұмыссыз азаматтарын заңнамамен белгіленген тәртіпте уақытша жұмысқа орналастыру үшін, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бойынша жұмысты ұйымдастырсын.
4. Саран қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Саран қаласының әділет басқармасында 2009 жылғы 5 қаңтарда (N 8-7-74) тіркелген және қалалық "Ваша газета" газетінде 2009 жылғы 24 қаңтарда N 4 жарияланған 2008 жылғы 18 желтоқсандағы "2009 жылы нысаналы топтағы жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" N 577;
2) Саран қаласының әділет басқармасында 2009 жылғы 24 маусымда (N 8-7-86) тіркелген және қалалық "Ваша газета" газетінде 2009 жылғы 26 маусымда N 26 жарияланған 2009 жылғы 4 маусымдағы "Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 153.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасарлары Л.Н. Кимге, М.Е. Блокқа жүктелсін.
6. Осы қаулы Саран қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласының әкімі Е. Жиенбеков
Саран қаласының әкімдігінің
2010 жылғы 25 наурыздағы
N 70 қаулысымен бекітілген
Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу қағидасы
1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі уәкілетті органға (бұдан әрі уәкілетті орган) өтініш береді.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу кезінде уәкілетті орган келесі талаптарды ескереді: кәсіпорынның төлем төлеуге қабілеттілігі, еңбек ақыны уақытында төлеуі, жұмыс орнының қауіпсіздік техника нормаларына сәйкестігі, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларының сақталуы, уәкілетті органмен жасалған келісім әрекетінің мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмысты ұсыну мүмкіндігі.
Жұмыс беруші іріктеуге қатысу үшін құрылтай құжаттарын әлде жеке кәсіпкер куәлігін ұсынады.
3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға уәкілетті органмен келісім-шарт жасайды. Келісім-шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемі, еңбек төлемдерінің мөлшері және шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен мерзімі, жіберілетін жұмыссыздардың саны. Келісім-шарт 6 айдан артық емес мерзімге жасалады. Жұмыс уақытша сипатта болады, және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланбауы тиіс.
4. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдама береді.
5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген жұмыссызды қабылдайды, онымен еңбек келісім-шартын жасайды, қауіпсіздік техника нормаларына сәйкес жұмыс орнын ұсынады.
6. Жұмыс берушілер еңбек төлемі бойынша шығындарды өтеу үшін ағымдағы айдың 20 дейін уәкілетті органға белгіленген тәртіпте жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтан үзіндіні, жұмыс уақытын есептеу табелін, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлер туралы есепті және орындалған жұмыстар актісін ұсынады.
7. Осы нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасының орындалуын бақылау уәкілетті органға жүктеледі.