Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 04 маусымдағы N 153 қаулысы. Қарағанды облысы Саран қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 маусымда N 8-7-86 тіркелді. Күші жойылды - Саран қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 70 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Саран қаласы әкімдігінің 2010.03.25 N 70 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 қаулысына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген қосымшаға сәйкес нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу ережелері бекітілсін.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары әлеуметтік нысаналы топтар үшін ұйымдастырылады.
      3. Бюджет есебінен бір қатысушыға орташа айлық есептеулер көлемі – 15000 теңге бекітілсін, жұмыс берушінің 50 пайыздық салымын ескере отырып, қатысушының орташа еңбек ақысы айына 30 мың теңгені құрайды.
      4. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік мекемесі (Тұңғышбаева К.О.) нысаналы топтардан жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды жүргізсін.
      5. "Саран қаласының қаржы бөлімі" Мемлекеттік мекемесі (Малшибекова Р.Б.) 2009 жылғы қалалық бюджетте және нысаналы республикалық трансферттерде қарастырылған қаражаттардан әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтардан жұмыссыздарға еңбегі үшін төлемді қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласының әкімінің орынбасарлары М.Е Блокқа, Л.Н. Кимге жүктелсін.
      7. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енеді және 2009 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады және 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді.

      Саран қаласының әкімі                      Е. Жиенбеков

2009 жылғы 04.06 N 153
Саран қаласының әкімдігінің
қаулысымен бекітілген

Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу ережелері

      1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі уәкілетті органға (бұдан әрі Уәкілетті орган) өтініш береді.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу кезінде Уәкілетті орган келесі талаптарды ескереді: кәсіпорынның төлем төлеуге қабілеттілігі, еңбек ақыны уақытында төлеуі, жұмыс орнының қауіпсіздік техника нормаларына сәйкестігі, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларының сақталуы, уәкілетті органмен жасалған келісім әрекетінің мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмысты ұсыну мүмкіндігі.
      Жұмыс беруші іріктеуге қатысу үшін құрылтай құжаттарын әлде жеке кәсіпкер куәлігін ұсынады.
      3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға Уәкілетті органмен келісім-шарт жасайды. Келісім-шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемі, еңбек төлемдерінің мөлшері және шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен мерзімі, жіберілетін жұмыссыздардың саны. Келісім-шарт 6 айдан артық емес мерзімде әрекет етеді. Жұмыс уақытша сипатта болады, және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланбауы тиіс.
      4. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдама береді.
      5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген жұмыссызды қабылдайды, онымен еңбек келісім-шартын жасайды, қауіпсіздік техника нормаларына сәйкес жұмыс орнын ұсынады.
      6. Жұмыс берушілер еңбек төлемі бойынша шығындарды өтеу үшін ағымдағы айдың 20 дейін Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтан үзіндіні, жұмыс уақытын есептеу табелін, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлер туралы есепті және орындалған жұмыстар актісін ұсынады.
      7. Осы нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу ережелердің орындалуын бақылау уәкілетті органға жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады