2009 жылы нысаналы топтағы жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Cаран қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 577 қаулысы. Қарағанды облысы Cаран қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 05 қаңтарда N 8-7-74 тіркелді. Күші жойылды - Саран қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 70 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Саран қаласы әкімдігінің 2010.03.25 N 70 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, нысаналы топқа жататын, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Саран қаласының кәсіпкерлік бөлімі", "Саран қаласының ішкі саясат бөлімі", "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемелерінің және "Ақтас кенті әкімінің аппараты" басшыларына:
      1) қалалық бюджет қаражаты есебінен қабылданған жұмыскерлерге олардың еңбекақысын төлеу шығындарының өтемін ішінара төлей отырып, уәкілетті орган "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушімен келісім шарт негізінде, уақытша жұмысқа тұрғызу үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жәрдем берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы, 2 тармағына сәйкес 50 жастан асқан әйелдерді жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қорғау мақсатында осы санаттағы азаматтар халықтың нысаналы топ құрамына қосымша енгізілсін.
      3. Қоса берілген әлеуметтік жұмыс орындарын жұмыс түрлерін ұйымдастыратын қала ұйымдарының тізімі бекітілсін.
      4. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Тұңғышбаева К.О.:
      1) жұмыс берушімен өзара әрекеттесу, әлеуметтік жұмыс орындарда жұмыс істеуге тілек білдірген нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды қабылдау және жұмысқа жолдау бойынша жұмыстарды жүргізу, әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастырудың тиімділігін бақылау;
      2) нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтар үшін келешекте тұрақты жұмысқа орналастыруына, жұмыс берушімен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шарт жасасын.
      5. 2009 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және жағдайы бекітілсін:
      1) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан, жұмыссыздардың еңбекақысының төлем мөлшері, ай сайын атқарылған жұмыстың көлемі еңбек туралы заңнамасы бойынша жасалған жеке еңбек шартының жағдайына сәйкес төленеді, 2009 жылға арналған Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген ең төмен еңбекақы төлемінен төмен болмау керек;
      2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге жұмыс берушінің шығындары қалалық бюджет есебінен, олардың есеп шотына бюджет қаражатын аудару жолымен, 2009 жылға арналған Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген жалақының ең аз төлемінен 50 % мөлшерінде өтеледі;
      3) жұмыс берушілер, еңбекке ақы төлеуіне қалалық бюджет шығынын өтеу үшін "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне орындалған жұмыс актісі, еңбекақы төлемінің есептеу тізімі, жұмыс уақыт есебінің табелі, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтан көшірмесін ай сайын ұсынады.
      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және қалалық "Ваша газета" газетінде ресми түрде жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      7. Саран қаласының әділет басқармасында (N 8-7-55) тіркелген, қалалық "Ваша газета" газетінде 2007 жылғы 29 желтоқсанда N 52 жарияланған Саран қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 29 қарашадағы "2008 жылы нысаналы топтағы жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" N 808 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      8. Осы берілген қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Н. Кимге жүктелсін.

      Қала әкімі                                 М. Смағұлов

Саран қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 577 қаулысына Қосымша

2009 жылға арналған жұмыс түрі, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырушы қала ұйымдарының тізімі

N

Жұмыс беруші

Жұмыс түрлері

Әлеуметтік жұмыс орынына қатысушылар адам, саны

Әлеуметтік жұмыс орынының ұзақтығы, ай

Жұмыс күннің ұзақтығы, сағат

Әлеуметтік жұмыс орынының қатысушының 1 еңбек төлемі қосынды шығыны, теңге

"Жұмыспен қамту бағдарлама" бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік жұмыс орынына қатысушының 1 еңбек төлемі қосынды шығыны, теңге

1.

ЖШС "Энергия и К"

Көмек жұмыстар

3

3

8

6 585

6 585

2.

ЖШС СТТФ "Карат"

3

3

8

3.

ЖК "Шагиров"

4

3

8

Барлығы


10



197,6 мың  теңге

197,6 мың  теңге

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады