Ескерту. 2-тармақты қоспағанда қаулының күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2011.06.23 N 13/15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 2162 "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қаулысына сәйкес және бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектерін, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган):
1) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарын (бұдан әрі – кәсіптік оқу орындары) бітірген жастар арасында жастар тәжірибесін өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырсын;
2) жұмыссыздарға кәсіптік оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесі шеңберінде дипломнан кейінгі тәжірибені ұйымдастыруға келісімшарт жасасын;
3) жастар тәжірибесін өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру мемлекеттік бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары" ішкі бағдарламасы бойынша жүргізілсін;
4) жастар тәжірибесіне қатысушыларға 20000 (Жиырма мың) теңге мөлшерінде еңбек төлемі қарастырылсын.
2. Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 наурыздағы N 04/28 "Оқу орындарының түлектері, жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" қаулысы (Абай ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 7 сәуірінде N 8-9-77 тіркелген, 2010 жылғы 23 сәуірде N 19 "Абай-Ақиқат" аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді.
Абай ауданының әкімі Е. Нашаров