Оқу орындарының түлектері, жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 наурыздағы N 04/28 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 07 сәуірде N 8-9-77 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 28/18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010.12.14 N 28/18 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 2162 "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қаулысына сәйкес және бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектерін, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган):
      1) Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарын (бұдан әрі – кәсіптік оқу орындары) бітірген жастар арасында жастар тәжірибесін өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырсын;
      2) жұмыссыздарға кәсіптік оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесі шеңберінде дипломнан кейінгі тәжірибені ұйымдастыруға келісімшарт жасасын;
      3) жастар тәжірибесін өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 103 "Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін кеңейту" ішкі бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізілсін;
      4) жастар тәжірибесіне қатысушыларға 20000 (Жиырма мың) теңге мөлшерінде еңбек төлемі қарастырылсын.
      2. Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 10/07 "Абай ауданының жұмыссыз жастары үшін жастар практикасын ұйымдастыру туралы" қаулысы (Абай ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 29 мамырда N 8-9-63 тіркелген, 2009 жылғы 5 маусымда N 25 "Абай-Ақиқат" аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған) күшін жойған болып саналсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібірахым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді.

      Абай ауданының әкімі                       Т. Алтынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады