Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012.01.19 N 2/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі санаттар халықтың нысаналы топтары болып анықталсын:
1) аз қамтылғандар;
2) 21 жасқа дейінгі жастар;
3) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
4) қырық бес жастан асқан тұлғалар;
5) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
6) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
7) балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
8) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалы ата-аналар;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
10) зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасына қарай зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
11) мүгедектер;
12) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар;
13) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
14) репатрианттар (оралмандар);
15) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
2. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім):
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсіптік даярлауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін;
3) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға бақылауды жүзеге асырсын.
3. Жұмыс беруші Бөлімге:
1) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысаруына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы туралы, жұмыстан босатылатын қызметкерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен еңбекақысының мөлшерін көрсете отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары туралы және олардың босатылатын мерзімдері туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын;
2) өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгеріске және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты қызметкерлердің толық емес жұмыс уақыты режиміне көшуі бөлігінде алдағы уақытта болатын еңбек жағдайларының өзгеруі туралы кемінде бір ай бұрын;
3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы олардың пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;
4) уәкілетті орган жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы (жолдамада тиісті белгі қою арқылы себебін түсіндіре отырып) ақпаратты беруге міндетті.
4. Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы N 28/06 "2010 жылы халықтың нысаналы топтарын және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен әлеуметтік қорғау бойынша шараларды анықтау жөнінде" қаулысының (Абай ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 11 желтоқсанда N 8-9-71 тіркелген, 2010 жылғы 1 қаңтарда N 1-2 және 2010 жылғы 2 сәуірдегі N 16 "Абай-Ақиқат" аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді.
Абай ауданының әкімі Е. Нашаров